«Самұрық-Қазына» тобының қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
62
23 Қазан 2026
Қазақстан Республикасының күніне орай «Самұрық-Қазына» қоры мен портфельдік компаниялардың қызметкерлеріне кәсібилігі, адал еңбегі және ел дамуына қосқан үлесі үшін мемлекеттік наградалар табысталды.

Экономиканың түрлі салаларында еңбек ететін мамандар III дәрежелі «Құрмет» және «Еңбек Даңқы» ордендерімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды. Сондай-ақ, бірқатар қызметкер «Самұрық-Қазына» АҚ-ның құрметті қызметкері» атағын, құрмет грамоталары мен алғыс хаттар алды.

«Қор мен оның портфельдік компаниялары адамдардың білімі, тәжірибесі мен күнделікті еңбегінің арқасында жетістіктерге жетті. Олардың кәсібилігінің арқасында стратегиялық маңызы бар кәсіпорындардың тұрақты жұмысы қамтамасыз етіліп, Қазақстан экономикасы үшін маңызды жобалар жүзеге асырылып жатыр», - деді қор басшысы Нұрлан Жақыпов.

Әріптестерді лайықты марапаттарымен құттықтаймыз және ел дамуына қосқан үлестері үшін алғыс білдіреміз! Қазақстан Республикасы күні құтты болсын!

{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Қытайдың CNPC мұнай-газ корпор...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Citi компаниясының Таяу Шығыс ...
{{ $t('messages.news1') }}
Қор басшысы Нұрлан Жақыпов Energy China Overseas Investment директорла...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» халықаралық капитал нарығында 3 млрд юань тартты