САЛАМАТТЫ БОЛАШАҚ

САЛАМАТТЫ БОЛАШАҚ

1544

19 Тамыз 2022

Қордың қолдауымен «Саламатты болашақ» жобасы алты жыл бойы инклюзивті спорт секцияларын дамытып келеді. Соның арқасында бейімделген спорт түрлерін 6 мыңға жуық ерекше бала игерді.

7O1A8892.JPG

Жоба аясында 22 елді мекенде 11 бағыт бойынша секциялар ашылды: бочча, адаптивті футбол, адаптивті таеквандо, инклюзивті хореография, адаптивті жүзу, адаптивті голбол, адаптивті каратэ, цп футбол, адаптивті пионербол, адаптивті дзюдо, адаптивті жеңіл атлетика. Оларға жыл сайын 1000-нан астам бала қатысады.

7O1A0812.JPG

Бүгін ондаған бала паралимпиадалық құрамалардың мүшесі болды, спорт шеберлері атағын алып, республикалық және халықаралық жарыстарда өнер көрсетеді.

4Q3A6853.jpg

4Q3A6936.jpg