Инклюзияны қолдау кабинеттерін құру
9
25 Қараша 2025
Жоба ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға сапалы білім беруді қамтамасыз ету үшін жалпы білім беретін мектептерде инклюзивті жағдайлар жасауға бағытталған. Жоба аясында педагогтарды, балаларды және олардың ата-аналарын сүйемелдеуді қамтамасыз ететін инклюзивті қолдау кабинеттері ашылды. 2024-2025 жылдары Қор инклюзивті білім берумен 1500 ерекше оқушыны қамтыған 26 инклюзивті қолдау кабинетін ашты.
Инклюзияны қолдау кабинеттерін ашу идеясы 2024 жылғы маусымда өткен «Charity Samruk Marathon» қайырымдылық марафонын өткізу барысында пайда болды. Сол кезде марафонға 1200 қатысушы қатысып, 126,7 млн теңге жиналды. Барлық қаражат елорданың 5 мектебінде кабинеттер ашуға бағытталды. Сыныптар 2024 жылдың қыркүйегінде ашылды.
Әрі қарай жоба ауқымын кеңейтіп, «Samruk-Kazyna Trust» бірыңғай қайырымдылық операторының қаражатына 2024 жылдың желтоқсанында тағы 5 кабинет ашылды.
2025 жылы наурыз айында «SK Azil Fest» қайырымдылық кеші барысында жиналған қаражатқа тағы 1 кабинет ашылды.
2025 жылдың мамыр айында 3 мың адамның қатысуымен «Charity Samruk Marathon» үшінші қайырымдылық марафоны ұйымдастырылып, онда 208 млн теңге жиналды. Осы ақшаға және «Samruk-Kazyna Trust» (92,6 млн теңге) қаражатына қыркүйек айында 10 жаңа кабинет ашылды.
Осылайша, Астана бойынша қор 1054 баланы қамтыған 21 кабинет ашты. Нәтижесінде кабинеттер елорданың ерекше оқушыларының 40%-ын инклюзивті біліммен қамтуға мүмкіндік берді.
Кабинеттер тұжырымдамасын қор жетілдере түсті. Open space форматындағы кабинеттер дефектолог, логопед, психолог және қыш шеберханасына арналған аймақтардан тұрады. Дене шынықтыру кабинеті қажетті спорттық құрал-жабдықтармен және жабдықтармен жабдықталған.
Сондай-ақ, Ақмола облысында бес инклюзивті сынып ашылды. Онда 164 оқушы қамтылды. 2025 жылдың желтоқсанында Атырау облысының Жылыой ауданы Құлсары қаласында бес кабинетті іске қосу жоспарлануда.