Ерекше балаларға арналған «Sheksiz mymkindikter» инклюзивті лагері
9
25 Қараша 2025
«Sheksiz mymkindikter» ерекше балаларға арналған инклюзивті лагерь жобасы – ерекше қажеттіліктері бар балаларға қауіпсіз әрі дамытушы орта қалыптастыруға бағытталған бастама. Мұнда балалар спорттық және шығармашылық дағдыларын дамытуға, әлеуметтік ортаға бейімделуге, қоғамға интеграциялануға, сондай-ақ ата-аналарымен бірге кешенді қолдау алуға мүмкіндік алады. Жобаның жалпы бюджеті — 96 005 650 теңге.
Лагерь республикалық деңгейде жүзеге асырылады және 2025 жылы бес ауысым өткізуді қамтиды: үш спорттық ауысым (Level 1) және екі шығармашылық ауысым (Level 2). Жоба 250 ерекше бала мен жасөспірімді, сондай-ақ олардың отбасыларын қамтиды. Жалпы қамту — 500 адам, оның ішінде 250 ата-ана оқу және психологиялық қолдау бағдарламаларына қатысады.
Лагерь аясында балалардың спорттық дамуына, шығармашылығына, жеке тұлғалық өсуіне және әлеуметтік бейімделуіне жағдай жасалады. Қатысушылар спорттық жаттығуларға, мастер-класстарға, шығармашылық сабақтарға және реабилитациялық белсенділіктерге қатысады.
Ата-аналар үшін арнайы тренингтер, білім беру бағдарламалары, мамандардың консультациялары және эмоционалдық тұрақтылықты арттыруға бағытталған психологиялық қолдау ұйымдастырылады.