«Ainala» аралас үлгідегі оңалту орталықтары

«Ainala» аралас үлгідегі оңалту орталықтары

10

25 Қараша 2025

Жоба мүгедектігі бар ауылдық балалардың Қазақстан өңірлерінде кешенді оңалтуға қол жеткізуі үшін жағдайлар жасауға бағытталған. Жоба аясында балалар мен жасөспірімдермен жұмыс істеу үшін қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілген мамандандырылған оңалту орталықтары ашылуда. Балалар мен жасөспірімдерге оңалту мен абилитациялық көмек, әлеуметтенуге қолдау көрсетеді.

image16.png

Орталықтар төрт өңірде - Ақтөбе облысының Темір қаласы, Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласы, Шығыс Қазақстан облысының Бозанбай ауылы, Түркістан облысының Сарыағаш қаласы мен Түлкібас ауылында ашылады.

image30.png

Жобаның жалпы бюджеті 1 731 338 840 теңгені құрайды, бұл орталықтарды заманауи оңалту жабдықтарымен жабдықтауға мүмкіндік береді. Жыл сайынғы қамту — 350 бала. Орталықтар 2025 жылдың желтоқсанында іске қосылады.

image31.png