Технологиялық жабдықты пайдалану кезіндегі қауіпсіздік Қор компаниялары тобындағы басым бағыт. Барлық қызметкерлер үшін қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге және жабдықтарды пайдалануға байланысты тәуекелдерді азайтуға тырысамыз
2022 жылдан бастап топта электр тогынан зақымдану қаупін төмендету мақсатында «Lockout/Tagout» (LOTO) блоктау және ақпараттандыру жүйесі енгізіледі
ПК деңгейінде ауыр және өлім-жітіммен аяқталатын авариялар мен жазатайым оқиғалардың туындау тәуекелдерін азайту мақсатында моральдық және физикалық жағынан тозған жабдықтар мен құрылыстарды техникалық қайта жарақтандырудың 2024-2027 жылдарға арналған ұзақ мерзімді бекітілген жоспарлары қолданылады.
Портфельдiк компаниялар мен олардың филиалдарындағы өндiрiстiк қауiпсiздiктiң жай-күйiне тұрақты негiзде тоғыспалы аудит жүргiзiледi. Аудит жүргізуге Қор тобының түрлі компанияларынан өндірістік қауіпсіздік жөніндегі сарапшылар тартылады, бұл тәжірибе алмасуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, өндірістік қауіпсіздік саласындағы білімді арттыруға көмектеседі, бұл өз кезегінде еңбек қауіпсіздігі мәдениетінің деңгейін арттыруға ықпал етеді
Қауіпсіздіктің мінез-құлық аудиті
Near Miss (Салдары жоқ оқиғалар)
Қауiптi iс-әрекеттер мен қауiптi жағдайларды тiркеу және тексеру
Қауіпсіз орындалатын жұмысты тоқтата тұру құқығы (Stop Work)
Қызметкерлерімізді, тауарлар мен жабдықтарды автомобиль және арнайы көлікпен тасымалдау қауіпсіздікке қауіп төндіреді, сондықтан көлік қауіпсіздігі біздің қызметіміздің басты мәселесі.
- Автокөлік паркін кезең-кезеңмен жаңарту
- Көлік құралдарын қауіпсіз басқару тетіктерін кезең-кезеңімен енгізу, оның ішінде GPS-мониторинг тасымалдау қауіпсіздігіне әсер ететін негізгі факторларды талдау, жүргізушілерді бұзушылықтар туралы дыбыстық хабардар ету
- Қызметкерлердің автокөлікте қауіпсіздік белбеулерін тағу әдетін қалыптастыру мақсатында ЖКО кезінде маңдай соқтығысуының тренажер-имитаторын тәжірибелік сынау бойынша іс-шаралар жүргіземіз
- 4 мыңнан астам жүргізуші «Қауіпсіз жүргізу» бағдарламасы бойынша оқытылды
Есептіліктің ашықтығының қажетті деңгейін қамтамасыз ету және өндірістік қауіпсіздік саласындағы коммуникацияларды дамыту үшін процестерді цифрландыру бөлігінде бірқатар бастамалар іске асырылды:
Өндірістік жарақаттанудың ағымдағы статистикасы туралы басшылықты жедел хабардар ету үшін оқиғалар бойынша дашбордтар құрылды.
Есептілікті басқару жүйесінде қызметкерлер, оның ішінде мердігерлік ұйымдар арасындағы оқиғаларды есепке алу үшін тиісті нысандар іске қосылды.
QR арқылы қызметкерлердің ұсыныстарын жинау және қарау тәжірибесі енгізілді.
Қордың барлық қызметкерлерінің еншілес тәуелді ұйымдарға/портфельдік компаниялардың филиалдарына іссапарға жіберу кезінде өндірістік қауіпсіздік деңгейін бағалау бойынша практика енгізілді.