Астанада IT саласының жетекші сарапшылары бас қосып, мәліметтерді басқару және ақпараттық қауіпсіздік мәселелерін талқылауда

Астанада IT саласының жетекші сарапшылары бас қосып, мәліметтерді басқару және ақпараттық қауіпсіздік мәселелерін талқылауда

642

16 Қыркүйек 2016

2016 жылдың 15-16 қыркүйегінде Астанада IT саласының кәсіпқойлары бас босатын ІІ Халықаралық IT Форум өтеді. Бұл шараны «Самұрық-Қазына» АҚ «Самұрық-Қазына» Корпоративтік университетімен бірлесіп ұйымдастырып отыр.

Питер Айкен, Рич Макави, Маркуз Железны сияқты әлемге танымал сарапшылар мен ақпараттық технологиялар саласында жұмыс істейтін 200-ден аса қазақстандық маман бас қосып, IT саласының өзекті мәселелерін талқылауда.

Пленарлық сессияда сөз сөйлеген «Самұрық-Қазына» АҚ-ның трансформациялау және арнайы жобалар жөніндегі басқарушы директоры А.Илькявичюстің айтуынша, заманауи кез-келген компанияның табысындағы ақпараттық технологиялардың ролін бағаламауға болмайды және бизнес-үрдістерін автоматтандырудың сапасы жұмыс барысында қолданылатын ақпараттық жүйелердің санынан әлдеқайда жоғары болуы керек  екені де  анық. «Біз Қордың компаниялар тобындағы трансформациялау жөніндегі өз тәжірибемізбен бөлісуге әзірміз және сарапшылардың бүгін және ертең өтетін басқосулары баршамызға өз жұмыстарымызға жаңаша көз көзқараспен қарауға мүмкіндік береді және компанияларымыздың бизнесін дамытуға жаңа идеялар алуға көмектеседі деген үміттемін», деп түйіндеді сарапшы өз сөзін.

Шараның екінші бөлімі үш секцияның жұмысымен жалғасады және ол секциялардың жұмысы мәліметтерді басқару (Data Management) мәселелеріне, IT мен бизнестің өзара қарым-қатынасының жаңа моделіне, сонымен қатар қазіргі заманғы ақпараттық қауіпсіздік проблемаларына арналады.

Форум аясында өтіп жатырған ақпараттық технологиялардың көрмесіне барып, шара қатысушылары Samsung, TerraLink, Alser, Opentext, Kazakhtelecom, Software AG және т.б. көшбасшы компаниялардың инновация, сандық технология және бағдарламалық қамту салаларындағы жетістіктері мен ақпараттық технологиялар саласындағы соңғы ноу-хаумен таныса алады.

Форумға барлығы 200-ден астам адам қатысады, олардың қатарында ұлттық компаниялардың топ-менеджерлері, мемлекеттік органдардың басшылары, IT саласындағы кәсіпкерлер, жекеменшік корпорациялардың IT-бөлімдерінің мамандары, халықаралық сарапшылар бар.

 

Қосымша мәлімет алу үшін мына телефон мен электрондық адреске хабарласуға болады:

        Жазира Жұмаш, +7 702 541 45 65

        Zh.zhumash@sk.kz