«Самұрық-Қазына» қоры Public Investor 100 рейтингісінде 15-ші орынды иеленді
406
13 Қазан 2017
12 қазан 2017, Астана. «Самұрық-Қазына» АҚ (бұдан әрі – Қор) және Басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев Тәуелсіз әл-ауқат қорлары институты (бұдан әрі – SWFI, Sovereign Wealth Fund Institute) әзірлеген Public Investor 100 – 2017 рейтингісінде 15-ші орынға ие болды.
Жыл сайын әзірленетін «Public Investor 100» рейтингісі – ірі тәуелсіз қорлардағы, зейнетақы қорларындағы, орталық банктердегі, инвестициялық ұйымдардағы ең ықпалды және нәтижелі топ-менеджерлердің тізімі. Бағалау кезінде бірқатар көрсеткішке баса назар аударылады: инновацияларды енгізу, бірегей жобалар мен бастамаларды жүзеге асыру, көшбасшылық, инвестициялық жобалар мен кіріс деңгейі.
«Самұрық-Қазына» қоры өзінің көптеген бенчмарктерінен оқ бойы озып, 15 үздік қоғамдық инвестордың қатарына кіргені қуантады. Бұл – қызметіміздің тиімділігі мен ашықтығын арттыру жолындағы жетістіктеріміздің нақты айғағы. Аталмыш ілгерілеуге Қордағы және қоржындық компаниялардағы трансформация бағдарламасы арқасында қол жеткізілді. «Самұрық-Қазына» оңтайландыру және трансформация бағытындағы іс-шаралардың арқасында корпоративтік басқарудың озық тәжірибелерін ендіріп, әлемнің жетекші тәуелсіз қорлары деңгейінде жеке капиталының тиімділігін паш ететіні аса маңызды», - деп атап өтті Стратегия және активтер қоржынын басқару жөніндегі басқарушы директор – Қордың Басқарма мүшесі Балжит Гревал.
Public Investor 100 рейтингісінің толық тізімімен танысуға болады.
Жыл басында SWFI «Самұрық-Қазына» қорына Linaburg-Maduell Transparency Index тәуелсіз әл-ауқат қорларының ашықтығы бойынша ең жоғарғы 10 ұпай берді. Ашықтық рейтингісі 2008 жылдан бері жасалады. Содан бері халықаралық тәуелсіз қорлар оны жалпы қабылданған әлемдік стандарт ретінде ресми жылдық есептерде қолданады.{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» қорында алғаш рет қысқы Спартакиада өтті
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» АҚ қоғамдық кеңесінің жаңа құрамы бекітілді
{{ $t('messages.news1') }}
Ынтымақтастық туралы келісім және атом саласындағы меморандум: «Самұры...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» мен «Теңізшевройл» басшыларының кездесуі аясында екі ...