«Жас Өркен» бағдарламасы тағылымгерлерінің кездесуі өтті

«Жас Өркен» бағдарламасы тағылымгерлерінің кездесуі өтті

470

25 Қаңтар 2018

2017 жылғы 26-шы қаңтар, Астана қ.Бүгін «Самұрық-Қазына» АҚ қоржындық компаниялары өкілдерінің – «Жас Өркен» бағдарламасы тағылымгерлерінің кездесуі өтті. Жиында Қордың компаниялар тобында тәлімгерлік институтты дамыту және «Жас Өркен» бағдарламасын жүзеге асыру мәселесі қарастырылды.

«Жас Өркен» – бұл «Самұрық-Қазына» қорының ЖОО талантты түлектерін тарту, іріктеу, тағылымдамадан өткізу, оқыту және дамыту бағдарламасы. 2017 жылы оған қатысуға ЖОО-ның 600-ге жуық түлегі ниет білдірді. Ашық байқау нәтижесінде 20 қазақстандық жас Қор құрамындағы компанияларда тағылымдаман өту мүмкіндігіне ие болды: «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ, «Эйр Астана» АҚ, «Қазпошта» АҚ, «Қазақтелеком» АҚ, «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ, «KEGOC» АҚ, "Самұрық-Энерго" АҚ және т.б.

«Бүгінде біздің бағдарламаның қатысушылары Қазақстан бойынша Қордың өндірістік кәсіпорындарында тағылымдамадан өтуде. Оның ішінде Шу, Ақтау, Атырау, Екібастұз қалалары бар. Жастар жұмыстың ерекшелігін жете меңгеріп, жақсы нәтижелерге қол жеткізуде. Сондықтан көптеген компаниялар оларды қазірдің өзінде жұмысқа қабылдауға әзір», - деп атап өтті «Самұрық-Қазына» корпоративтік университетінің директоры Гүлмира Раисова.

Бағдарлама қатысушылары екі жыл Қордың 4 компаниясында тағылымдамадан өтеді. Оның әрбіреуінде білім мен тәжірибені шыңдауға 5 ай уақыт қарастырылған. Ал тағылымдамадан өту нәтижесі бойынша жастар «Самұрық-Қазына» АҚ компанияларында жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие болмақ. «Жас Өркен» бағдарламасына қатысушылардың бірі Ерзатхан Абылайханов бүгінде «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ тағылымдамадан өтуде. Оның тағылымгері – Еңбек қауіпсіздігі және экология департаментінің директоры Рашид Нұртазаевтың пікірінше, Ерзатхан қойылған міндеттерді мінсіз орындайды және жұмысқа қабылдауға лайықты үміткер болып табылады.

Биыл тағылымдама бағдарламасында жоғары оқу орындарының биылғы ғана емес, сонымен бірге 2016 және 2017 жылғы түлектері (бакалавриат/магистратура) өз бақтарын сынай алады. Өтінімдер 1-ші сәуірге дейін қабылданады. Толық ақпаратпен келесі сілтеме бойынша танысуға болады: http://www.zhasorken.skcu.kz