Қазақстан Үкіметі «Самұрық-Қазына» АҚ жекешелендіру нысандарының тізіміне өзгертулер енгізді
338
13 Сәуір 2017
«Самұрық-Қазына» АҚ (әрі қарай – Қор, «Самұрық-Қазына») 2016-2020 жылдардағы жекешелендіру нысандарының тізімі өзгертулерге ұшырады. Оларға «Қазақстан инжиниринг» АҚ төрт еншілес компаниясы: «С.М.Киров атындағы машина жасау зауыты» АҚ, «Семей машина құрастыру зауыты» АҚ, «Тыныс» АҚ, «Қазақстандық авиациялық индустрия» ЖШС, сондай-ақ 51% үлесі «Самұрық-Энерго» АҚ тиесілі «Энергия Семиречья» ЖШС қосылды. Өзгертулер ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы тиісті қаулысына енгізілді.
Бұған қоса, енгізілген өзгертулерге сәйкес, Қордың жекешелендіруге жататын нысандар тізімінен 7 актив алынып тасталды: «Әскерилендірілген темір жол күзеті» АҚ, «АЗПМ» ЖШС, «Қайрат» Футбол клубы» ЖШС, «Қорған-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС, «Арсенал Машзавод» БК» ЖШҚ, «Қазатомөнеркәсіп КҚЗ БК» ЖШС, сондай-ақ «Ұлан» ААҚ.
- Бұл нысандарды жекешелендіру тізімінен алу туралы шешім стратегиялық, әлеуметтік-экономикалық маңызы бар нысандарда мемлекеттің үлесін сақтап қалу қажеттілігіне немесе оларды жекешелендірудің тиімсіздігіне байланысты қабылданды, - деп түсіндірді «Самұрық-Қазына» АҚ активтерді жекешелендіру және қайта құрылымдау департаментінің директоры Дәурен Тасмағамбетов. – Сонымен қатар, экономикадағы мемлекеттік үлесті азайтып, орынды жерде жеке секторға көшбасшылық рөлді беру мақсатында біз жекешелендірудің қосымша нысандарды үнемі іздестірудеміз. Осыған байланысты біз жекешелендіруге шығатын активтер тізіміне «Қазақстан инжиниринг» АҚ меншігіндегі төрт нысанды және «Самұрық-Энерго» АҚ бір активін қосу жөнінде ұсыныс жасадық.
Енгізілген өзгертулерді ескере келе, Жекешелендірудің 2016-2020 жылдарға арналған кешенді жоспары аясында «Самұрық-Қазына» АҚ 215 активті бәсекелестік ортаға тапсырады. Қазіргі уақытта Қор компаниялар тобының құрамынан 124 кәсіпорын шығарылды., ІРО арқылы жекешелендіруге жататын ірі нысандарды есептемегенде, қалған аквтитерді 2018 жылдың соңына дейін сату көзделуде. ІРО нарығына шығудың индикативтік мерзімі 2020 жылдың соңына дейін белгіленген. Бұл ретте Қор елдегі макроэкономикалық ахуалды және нарықтағы жағдайды ескереді. Жекешелендірілетін активтер туралы ақпарат privatization.sk.kz сайтында.
«С.М.Киров атындағы машина жасау зауыты» АҚ тау-кен, темір жол, мұнай, ауыл шаруашылығы және қорғаныс секторлары үшін құрал-жабдықтарды шығарады.
«Қазақстандық авиациялық индустрия» ЖШС авациялық техниканы өндіру мен жөндеумен айналысады. «Астана қаласында авациялық-техникалық орталық құру» жобасын жүзеге асыруда.
«Тыныс» АҚ медициналық құрал-жабдықтарды, манометрлер, электр-монтаж бұйымдарын, өрт сөндіру құралдарын, полиэтилен құбырларын, геотоқыма, газ-ілмекті арматураны, авиациялық бұйымдарды шығарады.
«Семей машина құрастыру зауыты» АҚ жүріп өту мүмкіндігі жоғары шынжыр табанды техниканы және оның қосалқы бөлшектерін, жалпы машина құрастыру өнімдерін, автотрактор техникасына қосалқы бөлшектерді, металл құрастырылымдарын өндіреді.
«Энергия Семиречья» ЖШС қатысу үлесінің 51% «Самұрық-Энерго» АҚ иелігінде. Компания Алматы облысында жел энергетикасын дамытуда.
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» қорында алғаш рет қысқы Спартакиада өтті
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» АҚ қоғамдық кеңесінің жаңа құрамы бекітілді
{{ $t('messages.news1') }}
Ынтымақтастық туралы келісім және атом саласындағы меморандум: «Самұры...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» мен «Теңізшевройл» басшыларының кездесуі аясында екі ...