Ахметжан Есімов пен Аскар Жұмағалиев қордың топтық компанияларымен сандық жүйеге көшуге қатысты кеңес өткізді
408
13 Мамыр 2018
«Самұрық-Қазына»ҰӘҚ»АҚ-ның Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов Премьер-Министрдің орынбасары Асқар Жұмағалиевпен Қордың қоржындық компанпияларына сандық жүйеге көруге қатысты Қеңес өткізді.
Жиын басында Басқарушы директор Н.Рахметов Сандық жүйеге көшу бағдарламасының жүзеге асыруы жайында баяндап, Қордың қоржындық компанияларында осындай жобалардың көптігін жеткізді, мысалы, мемлекеттік емес бағдарламалар бойынша 51 жоба әзірленді.
Қор қоржынының жетекші компания Басшылары осы жобалардың іске асырылуы жөнінде есеп берді.
«Самұрық-Қазына»ҰӘҚ» АҚ-ның Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов сандық жүйеге көшу жобаларының әрқайсысы нақты экономикалық тиімділікке ие болуы керектігін атап өтті.
«Әрбір жоба бәсекелестік артықшылықтарға, тапсырушылардың қанағаттануына, негізгі өндіріс тәуекелдерін жоюға, жаңа технологияларды жасауға, түбегейлі жаңа бизнес құруға бағытталған және осы мақсаттардың әрқайсысы ақыр соңында пайданың өсуіне әкелуі тиіс»,- деді Қор Басшысы.
Сонымен қатар, Премьер-Министрдің орынбасары Асқар Жұмағалиев Қор қоржынындағы компаниялардағы жақсы цифрландыру үдерісін атап өтті және біздің елдің сандық жүйеге көшу бойынша көшбасшы болуға барлық мүмкіндігі бар екендігін мәлімдеді.
«Осы барлық бағдарламалар мен жобалар енді «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасына кіреді және, әрине, біз сіздердің қызметтермен ақпарат алмасу бойынша нақты байланыс орнатамыз»,- деді Асқар Жұмағалиев.
Сонымен қатар, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов Қор қоржынындағы компанияларда бизнес-процестердің дамуы мен сандық жүйеге көшуді тереңдету бойынша бірқатар тапсырмалар берді және нақты мерзімдерді белгілеп, оған жауапты қызметкерлері тағайындады.
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» қорында алғаш рет қысқы Спартакиада өтті
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» АҚ қоғамдық кеңесінің жаңа құрамы бекітілді
{{ $t('messages.news1') }}
Ынтымақтастық туралы келісім және атом саласындағы меморандум: «Самұры...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» мен «Теңізшевройл» басшыларының кездесуі аясында екі ...