Гиноид София Қазпоштаның Астанадағы робопост кеңсесін ашты

Гиноид София Қазпоштаның Астанадағы робопост кеңсесін ашты

342

03 Шілде 2018


Қазпоштаның жаңа роботандырылғын кеңсесі бүгінгі күні қазақстандық робототехниканы қолдау және дамыту үшін құрылған «Робополис» аумағында жұмыс істей бастады. «Қазпошта жаңа кеңсесін IT-саласындағы соңғы жетістіктердің барлығы жиналған жерде ашып отыр. Біз отандастарымызға дәстүрлі қызметтерді мүлдем жаңа форматта алуға болатынын көрсетеміз. Жаңа офистің ашылуына Софияны да кездейсоқ әкелген жоқпыз. Цифрлық трансформация идеясы бүкіл әлемді жаулап алған кезде, біз де үздік әлемдік тәжірибелермен танысып, үздік мамандардан сабақ алу мүмкіндігімізді жіберіп алмауға тырысамыз. Қазір үкімет тарапынан цифрландыру идеясын жан-жақты қолдаудың арқасында біздің еліміз де осы салада алдыңғы қатарға қосылып, мамандары сұранысқа ие болуы мүмкін болды», - дейді Қазпошта басшысы Сәкен Сәрсенов.

Әлемдегі ең танымал роботтардың бірі Софияны Дэвид Хансон атақты актриса Одри Хепберннің бейнесімен құрастырған. Ол жасанды интеллектке ие, көрнекі ақпаратты және тұлға тану технологиясын өңдеу функцияларымен жабдықталған. Робот Астанаға Қазпоштаның құжаттарын электрондық түрге көшіріп жатқан Documentolog компаниясының қолдауымен жеткізілді.

Софиямен бірге жаңа кеңсенің ашылуына «Самұрық-Қазына» қорының басқарма төрағасы Ахметжан Есімов, ҚР вице-премьері Асқар Жұмағалиев, ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев және Қазпоштаның басқарма төрағасы Сәкен Сәрсенов қатысты.

Дәстүр бойынша, іс-шараның қонақтарын жаңа робот-консультант Pepper қарсы алды. HD-камералар және сенсорлардың арқасында ол қоршаған ортасын танып, адам эмоцияларын біле алады. Pepper кеңсе қонақтарына Қазпошта қызметтері туралы айтып, көңілдерін көтеріп, оларға экскурсия да жүргізе алады.

Қазпоштаның жаңа кеңсесінде дәстүрлі банкоматтар мен төлем терминалдарымен қоса гибридтік банкомат бар. Одан онлайн кеңестер және post.kz қызметтерін алуға, төлем карталары немесе қолма-қол ақша көмегімен түрлі төлемдер төлеуге болады. Клиенттерді сәйкестендіру саусақ іздері мен биометрия арқылы жүргізіледі. VR-бөлімінде қонақтарымыз виртуалды турды тамашалап, қызметтермен танысып, трек-нөмірі бойынша сәлемдемесын де таба алады. AR-киінетін бөлме онлайн-дүкендегі киімдерді киіп көріп оларды сатып алуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, принтер арқылы 30 минуттің ішінде (бас киім, шарф, орамал, футболка) басып шығарып, селфи-дронның көмегімен түскен суретіңізді шығарып алуға немесе электрондық поштаға жіберуге болады.

Назарбаев университетінің түлектері жасаған робопошташы ЭКСПО аумағында орналасқан кеңселерге алдын-ала белгіленген маршрут арқылы хат-хабарларын жеткізіп тұрады. Қағаздар жабық ұяшықтарда алмастырылады, оны тек жіберушіге және алушыға қол жетімді белгілі бір кодты енгізу арқылы алуға болады. Робот пошташы оның қозғалысын бақылап, вандализм актілерінен қорғауға, сондай-ақ жерді панорамалық зерттеуге мүмкіндік беретін камералармен жабдықталған.

 

«Қазпошта» АҚ баспасөз қызметі
Сауле Мұқашева, +7 701 772 6802