«Самұрық-Қазына» АҚ мен Назарбаев Университет өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды
501
19 Желтоқсан 2018
Бүгін «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов пен Назарбаев Университетінің Президенті Шигео Катсу арасында кездесу өтті. Кездесу барысында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.
Меморандумға қол қоюдың негізгі мақсаты - экономика салаларын цифрландыру, адам капиталын дамыту және инновациялық экожүйені құруда - өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту. Ғылыми жобаларды бірлесіп жүзеге асыру, сондай-ақ университеттің студенттері мен түлектеріне тағылымдамаларды ұйымдастыру Қор мен университеттің өзара ынтымақтастығы болып табылады.
«Біздің көмегіміз маңызды, өйткені Назарбаев Университеті мен «Самұрық-Қазына» Қазақстанның білім және экономика локомотиві ретінде танылады»,- деп өз сөзінде «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма Төрағасы Ахметжен Есімов атап өтті.
«Самұрық-Қазына» АҚ мен «Назарбаев Университеті» арасында жасалған келісім Қордың компаниялар тобының кадр саясатын қолдауға және үздік жас мамандарды іріктеп алу арқылы дамытуға бағытталған.
Сонымен қатар, Ахметжан Есімов Қордың штатына жас әрі дарынды мамандарды іріктеуге мүмкіндік берген «Цифрлық жаз – 2018» бағдарламасына тоқталды.
«Тестілеу кезеңі мен сұхбаттасу кезеңінен соң 72 үміткер Қордың компаниялар тобына тағылымдамадан өтуге шақырылды. Бүгінгі таңда өзін көрсете білген 33 жас маман жұмысқа орналастырылды. Одардың екеуі - Назарбаев Университетінің түлектері», - деп атап өтті Басқарма Төрағасы.
Қордың алдағы онжылдық Даму Стратегиясына сәйкес, негізгі корпоративтік басқару және тұрақты даму негізгі бастамалардың бірі болып табылады.
Айта кеткен жөн, Президенттің 2018 жылғы Жолдауында білім беруге экономиканың жеке саласы ретінде көңіл бөлінуі керектігі айтылған.
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» және ADCB Қазақстан басшылығы инфрақұрылымдық жобалар...
{{ $t('messages.news1') }}
Абу-Даби Тақ мұрагерінің Қазақстанға сапары аясында Ақордада «Самұрық-...
{{ $t('messages.news1') }}
Астанада SK-Presight бірлескен кәсіпорнының жаңа кеңсесі ашылды
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Қытайдың Қазақстандағы Елшісі ...