2017-2019жж. жоо 16 түлегі «Самұрық-Қазына» компаниялар тобына жұмысқа орналасты
560
01 Шілде 2019
«Жас Өркен» бағдарламасының қорытындысы бойынша Қазақстанның ЖОО-ның 16 студенті «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ компаниялар тобына жұмысқа тұрды. Бұл туралы «Жас Өркен» бағдарламасының жабылу салтанаты кезінде Қордың басқарма төрағасы Ахметжан Есімов жариялады.
Бұл бағдарлама жастар жылын өткізу шеңберінде Қазақстанның жастарына қолда көрсетуге және дамытуға бағытталған «Жас Самұрық» жобасының аясында өткізіліп жатыр.
Жаңа қызметкерлерді Қордың басшысы Ахметжан Есімов құттықтады.
«Сендердің өмірлерің жаңадан басталып келе жатыр және бұл жерде жұмыс жасау – үлкен мәртебе. Осындай үлкен мүмкіншілікке жол ашылып отыр, соны жақсы пайдаланыңдар. Бірақ, сендер және сендердің энергияларың қазір біздің елге қажет »,- деді Ахметжан Есімов.
Сонымен қатар, бағдарламаға деген қызығушылық жыл сайын артып келеді. 2017 жылы конкурстық іріктеуге 600-ге жуық түлек, ал 2019 жылы 4500 адам бағдарламаға қатысуға ниет білдірді. Ағымдағы жылы «Жас Өркен» бағдарламасының қорытындысы бойынша Қордың қоржындық компанияларында 16 студент жұмыс істейді: «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ, «Казпошта» АҚ, «Эйр Астана» АҚ, «ҚТЖ» ҰК және басқа да компаниялар.
Бағдарлама түлектерінің қатарына кіру үшін студенттер қабелеттері мен әлеуетін бағалауда үздік әлемдік тәжірибені қамтитын төрт деңгейлі іріктеуден өтті. Олардың мүмкіндіктерін Қордың және компаниялар тобының басқарушы директорлары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының және халықаралық ұйымдарының тәуелсіз басқарушыларын қамтитын конкурстық комиссиясы бағалады.
Бағдарламаның басты артықшылығы – тәжірибелі тәлімгерлердің жетекшілігімен жеделдетілген даму. Бағдарламаның ресми сайты - https://www.zhasorken.skcu.kz/kz.{{ $t('messages.news1') }}
Серіктестіктің барлық бағыттары бойынша оң динамика: Қор басшысы Қытай...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» қорында алғаш рет қысқы Спартакиада өтті
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» АҚ қоғамдық кеңесінің жаңа құрамы бекітілді
{{ $t('messages.news1') }}
Ынтымақтастық туралы келісім және атом саласындағы меморандум: «Самұры...