«Самұрық-Қазына» АҚ мен Nasdaq Dubai өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды

«Самұрық-Қазына» АҚ мен Nasdaq Dubai өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды

514

03 Шілде 2019

 «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ және «Nasdaq Dubai» Халықаралық қор биржасы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Тараптар ислам капиталы нарығының құралдарын дамытуға, сондай-ақ екі елдің қаржы нарығын жақсартуға келісті.

Құжаттың мақсаты – халықаралық қауымдастықтың Қазақстандағы инвестициялық мүмкіндіктері туралы хабардар болуын арттыру.

«Өзара түнісіністік туралы меморандум – бұл басқа елдермен және ұйымдармен байланыс орнату мен нығайтуға деген ұмтылысымыздың дәделі»,- деді «Самұрық-Қазына» АҚ логистика және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі басқарушы директоры Қанат Алпысбаев.

Өз кезегінде «Nasdaq Dubai» компаниясының атқарушы директоры Хамед Али Қазақстанның серпінді дамып келе жатқан компаниялары Біріккен Араб Әмірліктері мен өзге елдердің инвесторлары үшін тартымды бағыттардың өсуіне ықпал ететінін атап өтті.

«Біздің елдеріміз арасындағы тығыз байланыстардың негізінде «Nasdaq Dubai» өздерінің жаңашылдығын және инфрақұрылымын қазақстандық кәсіпорындарда жеке және мемлекеттік инвесторларды инвестициялауға көмектесуге дайын. Серпінді дамып келе жатқын қазақстандық компаниялар біздің өңірдегі және бүкіл әлем бойынша инвесторлар үшін ең тартымды бағыттардың біріне айналады»,- деп атап өтті Nasdaq Dubai компаниясының атқарушы директоры  Хамед Али.