2019 жылдың 1 тоқсанында «Самұрық-Қазына» қорының таза табысы артты
589
24 Шілде 2019
«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ 2019 жылдың бірінші тоқсанындағы таза табысы өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 128 млрд. теңгеге немесе 78%-ға артты. Шоғырландырылған қаржылық есепке сәйкес осы жылдың бірінші тоқсанында акционердің таза пайдасы 291 млрд. теңгені құрады.
Сонымен қатар, сатудан түскен табыс 2 533 млрд. теңгені құрады, бұл өткен жылдың осыған сәйкес кезеңімен салыстырғанда 20 %-ға жоғары көрсеткіш. Ағымдағы жылдың үш айындағы операциялық пайдасы 276 млрд. теңгені құрап, бұл 47 млрд. теңгені немесе 2018 жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда 20,5 %-ға артты.
Таза табыс өсуінің негізгі факторлары шикі мұнай мен газды экспортқа сату көлемі мен бағасының артуы, телекоммуникация қызметтерінен және тазартылған алтыннан түсетін кірістің өсуі, сондай-ақ «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ тобының қауымдасқан және бірлескен кәсіпорындарынан түсетін кірістің үлесі болып табылады.
Айта кеткен жөн, 2018 жылдың I тоқсанындағы таза кіріс негізінен «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ сатып алған компаниялар үшін 312 млрд. теңге мөлшеріндегі ақшалай емес кірісті қамтиды. Пайданың бұл мөлшері ХҚЕС талаптарына сәйкес сатып алынған компаниялардың топқа қосылған кездегі қайта бағалануы болып табылады және деректерді салыстыру логикасын бұрмалайтын операциялық емес қызметтен бір реттік ақшалай емес фактор болғандықтан, ағымдағы жыл көрсеткішімен салыстырғанда ескертілмеуі керек. Өткен жылдың бірінші тоқсанындағы Қордың таза табысы осы факторды есептемегенде 163 млрд. теңгені құрады.
{{ $t('messages.news1') }}
Серіктестіктің барлық бағыттары бойынша оң динамика: Қор басшысы Қытай...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» қорында алғаш рет қысқы Спартакиада өтті
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» АҚ қоғамдық кеңесінің жаңа құрамы бекітілді
{{ $t('messages.news1') }}
Ынтымақтастық туралы келісім және атом саласындағы меморандум: «Самұры...