А. Жұмағалиев: « «Самұрық – Қазына» экономиканы цифрландыруға маңызды үлес қосып отыр»
744
14 Тамыз 2019
«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ –да Модернизациялау бойынша кеңес өтті, онда Қор компанияларын сандық түрлендіру мәселелері талқыланды. Кеңесте Цифрлық даму, инновациялар аэроғарыш өнеркісібі министрі Жұмағалиев Асқар, Қордың басқарма төрағасы Ахметжан Есімов және Қордың қоржындық компанияларының басшылары қатысты.
Кеңес отырысын ашқан Ахметжан Есімов өткен жылы трансформация бағдарламасында айтарлықтай өзгерістер болғанын атап өтті. Қор трансформация мен цифрландыру бағдарламаларын біріктіріп, оларды барынша тиімді етті.
Сонымен қатар, Қор компанияларындағы өндірістік процестерін жақсартуға бағытталған және оған кіретін жобаларды іріктеу тәсілін мұқият жүргізеді. Бұл тәсілдің белгілі нәтижелері бар. Мәселен, 2018 жылы таза табыс 28 млрд. теңгені құраса, ал 2019 жылы жобалардан түсетін таза табыс 40,7 млрд. теңгеге жетеді деген болжам бар.
«Өткен жылы Қорға қарасты қоржындық компаниялармен қатты пікір таластырдық, олар көптеген күтілетін артықшылықтарды көрсетіп , сол жобаларға арналған нақты бюджетті бекітуді өтінді. Біз оларды шынайы бағаға қайта келтіруді сұрадық, есесіне қазір есеп беріп отырған жобалар шынымен де пайда мен бәсекеге қабілеттілік әкелетінін білеміз»,- деді Ахметжан Есімов.
Қордың қоржындық компаниялар басшылары цифрлы трансформациялаудағы негізгі жобаларын тансытырды: «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ – мұнай өңдеу зауыттарындағы жөндеуаралық кезеңді ұзартатын жобасын; «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ – тасымалдау құжаттарын қағаз түрінде рәсімдеу әдісінен электронды форматқа ауысу жөніндегі жобасын; «Қазпошта» АҚ – «Қазақстан Республикасында В2В2С қызметтерін дамыту» жөніндегі жобасын таныстырды. Жалпы, жаңартылған бағдарламаға 56 жоба мен 98 іс-шара кіреді.
««Самұрық-Қазына» қоры Қазақстанның цирфландыру бағдарламасындағы негізгі ойыншылардың бірі. Қордың цифрландыру жөніндегі жобалары амбицияға толы, және мен ол жобалардың ел экономикасын цифрландыруға қосатын үлесі зор екеніне сенімдімін», - деп атап өтті Цифрлық даму, инновациялар аэроғарыш өнеркісібі министрі Асқар Жұмағалиев.
Цифрлық трансформациялау бағдарламасының мақсаты – компаниялар тобының тиімділігін арттыру арқылы стратегияларды іске асыру және өндірістік проблемаларды шешу.
Айта кеткен жөн, өткен жылғы Кеңесте «Самұрық-Қазына» басшысы Ахметжан Есімов трансформациялау бағдарламасын қорға қарасты қоржындық компаниялардың бизнестегі міндеттеріне барынша сәйкестендіруді, «ауадан» түсетін жалған цифрларды азайтып, трансформациялану арқылы әрбір компанияның табысын көбейтетін жаңа шешімдер шығаруды тапсырды.
{{ $t('messages.news1') }}
Серіктестіктің барлық бағыттары бойынша оң динамика: Қор басшысы Қытай...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» қорында алғаш рет қысқы Спартакиада өтті
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» АҚ қоғамдық кеңесінің жаңа құрамы бекітілді
{{ $t('messages.news1') }}
Ынтымақтастық туралы келісім және атом саласындағы меморандум: «Самұры...