Қазақстанда ауқымды спартакиада басталды
660
05 Тамыз 2019
Қазақстанда «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы қызметкерлері арасында VI Спартакиада басталды. Жыл сайын жарысқа 1000-нан астам адам қатысады. Іс-шара Қордың Қазақстан жастарын қолдау мен дамытуға бағытталған «Жас Самұрық» жобасы аясында жүзеге асырылып жатыр.
Жарыс спорттың сегіз түрі бойынша өтеді: мини-футбол, стритбол, волейбол, үстел теннисі, киберспорт (Counter-Strike 1.6), армрестлинг, шахмат және тоғызқұмалақ. Аймақтардағы іріктеу жарыстары 25 тамызға дейін жалғасады. Аймақтық іріктеу жарыстарына Қордың және 14 облыс пен республикалық маңызы бар Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларындағы компаниялар тобының қызметкерлері қатысады.
Ағымдағы жылғы қатысушылардың саны шамамен 1500 адам. Аймақтық жарыстың қорытындысы бойынша үздік спортшылар 7-8 қыркүйек күндері Нұр-Сұлтанда өтетін шешуші суперфиналда кездеседі.
«Спартакиада - жай ғана жарыс емес, бұл Қор компаниялары тобының барлық қызметкерлерін біріктіретін, корпоративтік рухты нығайтатын және салауатты өмір салтын ынталандыратын іс-шара», - деп атап өтті «Samruk-Kazyna Trust» Әлеуметтік жобаларды дамыту қорының бас директоры Дияс Әзбергенов.
Атап өткен жөн, «Самұрық-Қазына» компаниялар тобы Қазақстанның барлық кәсіпорындарынан 300 000-нан астам адамды біріктіреді. Спорттық іс-шараны «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының атынан «Samruk-Kazyna Trust» Әлеуметтік жобаларды дамыту қоры ұйымдастырып жатыр.
{{ $t('messages.news1') }}
Бейжіңде өткен Қазақстан-Қытай Іскерлік кеңесі аясында құны $ 15 милли...
{{ $t('messages.news1') }}
Балалар үйінің 100 түлегі «Самұрық-Қазына» кәсіпорындарына жұмысқа орн...
{{ $t('messages.news1') }}
ҚР Премьер-Министрінің төрағалығымен өткен Директорлар кеңесінде «Сам...
{{ $t('messages.news1') }}
57 ауыл мен 45 мың тұрғын: «Самұрық-Қазына» қолдауымен медициналық пой...