«Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы қызметкерлері арасындағы VI спартакиада аяқталды
597
08 Қыркүйек 2019
Қазақстанда «Samruk-Kazyna Trust» Әлеуметтік жобаларды дамыту қоры ұйымдастырған «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы қызметкерлері арасындағы VI Спартакиада аяқталды.
2019 жылы 7-8 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында «Алау» МС-да Суперфинал өтті. Финалда «Самұрық-Қазына» компаниялар тобының 84 филиалы мен ЕТҰ-ның 657 қатысушысы үздік атану үшін сайысқа түсті. Сондай-ақ, қорытынды жарысқа еліміздің әр аймағынан 1000-нан астам жанкүйерлер қатысты.
Суперфинал қорытындысы бойынша шағын футболда «Транстелеком» АҚ командасы үздік атанды (Көкшетау, Қарағанды ққ филиалдары), стритболда «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС командасы ерекшеленді, волейболда бірінші орында «ҚазТранОйл» АҚ командасы, ал киберпортта «Богатырь Көмір» ЖШС командасы көш бастады.
Спорттың жеке түрлерінен келесі спортшылар ерекшеленді: Гончарова Ирина («KEGOC» АҚ) және Байжанова Индира («Алатау Жарық Компаниясы» АҚ) армрестлингте әйелдер арасында бірінші орынға, ал Молдахметов Эльдар («Эйр Астана» АҚ) және Ескенеев Руслан («ҚТЖ «ҰК» АҚ) ерлер арасында бірінші орынға ие болды.
Үстел теннисінде өз командасына Маргарита Харечко («Транстелеком» АҚ) және Дастан Жұмалиев («Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС) жеңіс әкелді. Әйелдер арасындағы шахматта «KEGOC» АҚ командасынан Рыспаева Қымбат, ал ерлер арасында - Құрманбаев еркін («Богатырь Көмір» ЖШС) үздік атанды.
Тоғызқұмалақтан әйелдер арасында Танаулова Ақтолған («ҚМГ Инжиниринг» ЖШС «ҚазНИПИмұнайгаз» филиалы), ерлер арасында Сарбупеев Ерлан («Energy Solutions Center» ЖШС) жеңіске жетті.
«Суперфинал әсерлі, жарқын, қызықты болды, бізді эмоциялар баурап алды! Осындай спорт мерекесінде еліміздің түкпір-түкпірінен әріптестерімізді жинай алған ұйымдастырушыларға үлкен рахмет. Біздің компания биылғы жылы спорттың барлық түрінен қатысып отыр: волейбол, стритбол, шағын футбол, киберспорт, тоғызқұмалақ, шахмат, армрестлинг және үстел теннисі», - дейді «Тау-Кен Самұрық» АҚ спорт командасының өкілі Дәулет Құсдәулетов.
Сондай-ақ, Суперфинал нәтижелері бойынша келесі қызықты фактілер анықталды:
- Ең белсенді компания – «KEGOC» АҚ, 184 қатысушы;
- Ең жас финалист - Кабиев Ермек, 20 жас («KEGOC» АҚ, шағын футбол);
- Ең тәжірибелі финалист - Ивасев Анатолий, 61 жыл («ҚТЖ «ҰК» АҚ, үстел теннисі);
- Қатысушылардың орташа жасы - 28 жас.
Суперфиналға қонақ ретінде ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Елдос Рамазанов және ҚР Дене шынықтыру және спорт істері комитетінің төрағасы Серік Сәпиев, Әділбек Ниязымбетов, Рустам Ерғали, Юрий Мельниченко, Николай Чеботько, Гюзель Манюрова және басқалар қатысты.
Айта кеткен жөн, «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы қызметкерлері арасындағы VI Спартакиада 2019 жылы 2 тамызда Павлодар, Щучинск, Ақтау және Шымкентте аймақтық іріктеу жарыстарынан басталған болатын.
{{ $t('messages.news1') }}
Серіктестіктің барлық бағыттары бойынша оң динамика: Қор басшысы Қытай...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» қорында алғаш рет қысқы Спартакиада өтті
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» АҚ қоғамдық кеңесінің жаңа құрамы бекітілді
{{ $t('messages.news1') }}
Ынтымақтастық туралы келісім және атом саласындағы меморандум: «Самұры...