Қордың таза табысы 2018 жылдың 9 айымен салыстырғанда 2019 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша 39,5 %-ға артты
572
20 Қазан 2019
2019 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ компаниялар тобы жоспарлы қаржылық көрсеткіштерді асыра орындады. Сатудан түскен кіріс өсу қарқыны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12,7 %-ды құрады. Бұл туралы Қордың Басқарма төрағасы Ахметжан Есімовтың қоржындық компаниялар басшыларымен өткен кеңесте айтылды.
Операциялық пайда (NOPLAT) өткен жылдың көрсеткішімен салыстырғанда есептік кезеңде 9,6 %-ға өсті. Осындай таза табыс 39,5 %-ға артып, 1158 млрд. теңгені құрады.
Сонымен қатар, Ахметжан Есімов Қордың «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ IPO-ға келесі жылы шығару жоспарын растады, сондай-ақ сатып алу жүйесін жетілдіру бойынша жұмысты жалғастыруды тапсырды.
«Сатып алу жүйесін жетілдірудің арқасында өткен жылы біз 121 млрд. теңгені үнемдедік. Биылғы жылы 153 млрд теңгені үнемдеу жоспарланып отыр»,- деді кездесу барысында Қор басшысы.
Айта кету керек, 2018 жылдың сәуірінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Самұрық-Қазына» қорының 2018-2028 жылдарға арналған жаңа даму стратегиясын мақұлдады. Елбасы Ұлттық әл-ауқат қорына негізгі мақсаттар мен мандаттардың бірі портфельдік компанияларды тиімді басқару және олардың қызметінің көрсеткіштерін ұқсас әлемдік компаниялардың көрсеткіштерімен теңестіру болып табылатын ауқымды міндеттер қойды.
{{ $t('messages.news1') }}
Серіктестіктің барлық бағыттары бойынша оң динамика: Қор басшысы Қытай...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» қорында алғаш рет қысқы Спартакиада өтті
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» АҚ қоғамдық кеңесінің жаңа құрамы бекітілді
{{ $t('messages.news1') }}
Ынтымақтастық туралы келісім және атом саласындағы меморандум: «Самұры...