«Восточка» ТК үлескерлерінің ешқайсысы баспанасыз қалмайды» - Арман Жетпісбай
481
02 Желтоқсан 2019
«Восточка» ТК пайданалуға 2020 жылдың жазында беріледі. Бұл туралы «Samruk-Kazyna Construction» АҚ кешен тұрғындарымен кездесу барысында белгілі болды. «Samruk-Kazyna Construction» АҚ тұрғын кешеннің 16 үйінің құрылысын аяқтауға 7,1 млрд. теңге көлемінде қаржы тартады.
Кешен жаңа салушыға тапсырылды. Сатып алушылар үшін шарттар мен бағалар бұрынғыдай қалады.
Айта кеткен жөн, инвестор «Samruk-Kazyna Construction» АҚ мен құрылыс салушы «Baur Development Group» ЖШС арасында 2016 жылдың қыркүйек айында Алматы қаласында «Восточка» ТК объектісін салуға инвестиция құю туралы шарт жасалды.
Алайда, биылғы жылы сатып алушылардың өз пәтерлерін алмау қаупі туындады. Нысанды пайдалануға беру 2019 жылдың наурыз айына жоспарланған. Алайда, құрылыс салушы шарт бойынша міндеттемелерді уақытылы орындамаған, жоспарланған уақытқа құрылыстың бітпеу каупі туындады. Осыған байланысты құрылысты мерзімінде аяқтамағанына байланысты келісім-шарт бұзылды. Осыған байланысты келісім-шарт құрылыс 2019 жылдың 17 шілдесінде «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Berkut Development ЖШС-мен аяқталмаған құрылыс объектісін тапсыру туралы шарт жасасты. 16 үйде 1008 пәтер бар, оның ішінде қазіргі уақытта алдын ала сату шарттары бойынша 477 пәтер сатылды. Сатып алушылардың ақшалай қаражаты экстроу-шоттарда сақталады.
«Біз Алматы қаласының әкімдігімен және құрылыс салушыымен меморандумға қол қойдық. Желтоқсан айының ортасына дейін қаржыландыруды ашуды жоспарлап отырмыз. Жаңа шарттарға сәйкес кесте құрдық және 9 ай ішінде құрылысты толығымен аяқтаймыз. Объектілер кезең-кезеңмен тапсырылатын болады: 5 ай ішінде 4 үйді, тағы 7 үйді 7 ай ішінде, қалған 3 үйді 9 ай ішінде тұрғызамыз. Яғни, үйлердің басым бөлігі мамыр айында, маусым-шілде айларында пайдалануға беріледі. Барлық сатып алушылар бастапқыда жасалған шарттармен үй алады. Бұл мәселені шешілді деп санаймыз. Желтоқсан айының ортасынына бастап құрылыс жұмыстарын бастаймыз»,- деді «Samruk-Kazyna Construction» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары Арман Жетпісбай.
Өз кезегінде жаңа салушы құрылыс жұмыстарына кірісті.
«Біз 16 үйді, сыртқы және ішкі алаңдағы барлық кешенді, желі мен аббаттандыруды аяқтаймыз. Кейбір үй бөліктерін: әрлеу және ішкі жұмыстарын, сондай-ақ бөлме құрылысы жұмыстарын біз өз қаржымызға салуды бастап кеттік» ,- деді Berkut Development директоры Мадияр Бухтарбаев.
Қала әкімдігі «Восточка» ТК-де сыртқы су құбыры желісін, кәріз, электрмен жабдықтау және қазандық салуға уәде берді. Олар өз жұмыстарын желтоқсан айының соңына дейін аяқтауға уәде берді.
{{ $t('messages.news1') }}
Серіктестіктің барлық бағыттары бойынша оң динамика: Қор басшысы Қытай...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» қорында алғаш рет қысқы Спартакиада өтті
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» АҚ қоғамдық кеңесінің жаңа құрамы бекітілді
{{ $t('messages.news1') }}
Ынтымақтастық туралы келісім және атом саласындағы меморандум: «Самұры...