«Самұрық-Қазына» «Жас Өркен» бағдарламасы бойынша қатысушылардан 5000 – ға жуық өтінім жинауға үміттенеді

«Самұрық-Қазына» «Жас Өркен» бағдарламасы бойынша қатысушылардан  5000 – ға жуық өтінім жинауға үміттенеді

588

06 Ақпан 2020

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ жыл сайын «Жас Өркен» жас мамандарды даярлау бағдарламасы басталғанын жариялады, бағдарлама Қор компаниялар тобына жұмысқа орналасу үшін қазақстандық жоғары оқу орындарының үздік түлектерін даярлауға бағытталған.

2.jpg

2018, 2019 және 2020 жылдардағы бакалавриат және магистратура түлектері аталмыш бағдарламаға қатысу үшін өтінімдерді бағдарламаның ресми сайтында https://zhasorken.skcu.kz/ru 2020 жылдың 31 наурызына дейін бере алады. Бес кезеңдік байқаудың нәтижелері бойынша 30-ға жуық қатысушы таңдалып, олармен «Самұрық-Қазына» қорының әр түрлі портфельді компанияларында мамандық пен кәсіптік бағытқа байланысты 5 айдан 20 ай ішінде еңбек келісіміне қол қойылады.

Бағдарлама барысында қатысушыларға жалақы төленіп, оқу орнына жол ақысы және ротация орнында тұру шығыстары өтеледі. Түрлі ұлттық компаниялар мен бизнес салаларында ротация мүмкіндігін қамтитын осындай ауқымдағы бағдарлама Қазақстан аумағындағы жалғыз бағдарлама болып табылады.

«Бұл кең кәсіби ой-өрісі бар жаңа буын басқарушыларын қалыптастыру құралы. Жас мамандарды бірегей мансаптық старт – оқыту және еліміздің ірі индустриялық кәсіпорындарында жұмыс күтіп тұр. Әрбір қатысушыға портфельдік компаниядағы желілік басшылар арасынан жеке тәлімгер бекітіледі»,- деді "Самұрық-Қазына" қорының адам ресурстарын басқару департаментінің директоры Анар Мұхамеджанова.

Бағдарлама комиссиясының құрамына Қордың және портфельдік компаниялардың топ-менеджменті, сондай-ақ тәуелсіз бақылаушылар кіреді. Іріктеу кезінде конкурстың негізгі қағидаттары барлық қатысушылар үшін тең мүмкіндіктер, меритократия және ашықтық болып табылады. "Жас Өркен" бағдарламасы 2017 жылы басталды. Бағдарламаны іске асыру кезінде жоғары оқу орындарының 70-тен астам түлегі "Самұрық-Қазына" қорының компаниялар тобында жұмысқа орналасты.

Қазіргі уақытта Бағдарламаға 2 жиын қатысып жатыр:

«Жас Өркен 2018» - 737 қатысушыдан 20 финалист іріктелді, ағымдағы жылдың сәуір айында қатысушылар өздерінің соңғы айналымдарын аяқтайды. 2020 жылдың қаңтар айында бағдарламаның 14 түлегі жұмысқа орналастыру процесі басталды.

«Жас Өркен 2019» – 4 364 қатысушыдан 30 жас маман іріктеліп алынды, ағымдағы жылдың қаңтар айында әріптестер екінші ротацияға кірісті.

«Жас Өркен 2020» - қаңтар айында конкурстық іріктеу басталды, бірінші турға өтініш қабылдау 31 наурызға дейін жалғасады, біз 2018, 2019 және 2020 жылдардағы бакалавриат пен магистратура түлектерін конкурсқа қатысуға шақырамыз.

Айта кеткен жөн, 2018 жылы Қор білікті кадрларды, ең алдымен талантты жастарды іздеу және іріктеу процесінің тиімділігін арттыруға бағытталған жаңа кадрлық саясатты қабылдады.