Мемлекет басшысы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады
1246
06 Ақпан 2020
Кездесу барысында Қазақстан Президентіне Ұлттық әл-ауқат қорының 2019 жылғы жұмыстарының нәтижелері баяндалды.
Ахметжан Есімовтің айтуынша, қордың негізгі өндірістік және қаржылық көрсеткіштері артқан. Кіріс көлемі 2018 жылғы 10,1 триллион теңгеден 2019 жылы 10,7 триллион теңгеге артып, таза пайда 2018 жылы 1,1 триллион теңге, ал 2019 жылы 1,2 триллион теңге болды. Қордың активтері 10 пайызға артып, 26,5 триллион теңгеге жетті.
Сонымен қатар «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы отандық өндірісті қолдауға, сатып алулар ісіндегі жергілікті кәсіпорындардың үлесін қамтамасыз етуге бағытталған кешенді шаралар енгізу жөнінде мәлімет берді.
{{ $t('messages.news1') }}
Руанда президенті Пол Кагаме «Самұрық-Қазына» басқарма төрағасы бастағ...
{{ $t('messages.news1') }}
Кигалиде (Руанда) Қор басшысы Нұрлан Жақыповтың Rwanda Development Boa...
{{ $t('messages.news1') }}
Астанада «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповтың Қазақ...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» қауіпсіздік мәдениетін күшейтуде: 2025 жылдың қорытын...