«Самрук-Қазына»: Есеп комитетінің қордың жұмысын тексеру туралы

«Самрук-Қазына»: Есеп комитетінің қордың жұмысын тексеру туралы

462

25 Ақпан 2020

Жақында БАҚ-да есеп комитетінің ұлттық холдингтерде жүргізген тексерулері туралы журналистік сауалға берген жауабы негізінде жарияланымдар пайда болды.

Есеп комитеті "Самұрық-Қазына "ҰӘҚ" АҚ қызметін үнемі тексереді. Алдыңғы тексерулер 2016, 2017 және 2019 жылдары өтті. Қазіргі уақытта өткен жылы басталған тексеріс жүріп жатыр.

Есеп комитеті төрағасының ұлттық холдингтер жұмысының тиімділігі туралы баяндамасында айтылғанға қатысты:

1. «Квазимемлекеттік сектордың кейбір компанияларын тарату» қажеттілігі туралы. 2015 жылдың желтоқсанында ҚР Үкіметі жекешелендірудің Кешенді жоспарын бекітті. Қордың осы жоспарға енген 167 компаниясының 141-і бәсекелестік ортаға шығарылды немесе таратылды. Қалған 26 – ның 23-і осы жылы жекешелендіру рәсімінен өтеді, тағы 3-і келесі жылдары өтеді. Яғни, бағдарлама бекітілген мерзімге сәйкес орындалғалы жатыр.

2.      Бәсекелес емес тәсілмен өткізілетін сатып алу және сатып алу рәсімдерінің ашықтығы туралы. Қор 2018 жылдан бастап жүргізіп жатқан өзгерістер нәтижесінде холдингішіндегі сатып алулар 25 есеге қысқарып, 630 млрд теңгеден астам қаражат бәсекелестік ортаға берілді. Сатып алудағы үнемдеу 155 миллиард теңгеден асты. Бұдан басқа, республикада алғаш рет елде импорт алмастыруды дамыту үшін контрактілердің оффтейк тетігі құрылып, табысты жұмыс істеп жатыр. Қазірдің өзінде жаңа өндірістер құру бойынша 27 жоба мақұлданды, инвестиция көлемі 215 млрд теңгеден асады, 1600-ден астам жұмыс орны ашылады.

3. Қордың тиімділігі туралы. Айта кеткен жөн, «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Заңға сәйкес оның негізгі міндеттері корпоративтік басқаруды жақсарту және жалғыз акционердің пайдасына кіріс табу болып табылады. Операциялық деректер бойынша 2019 жылы Қор 922 млрд теңге көлемінде операциялық пайда алды, бұл жоспарлы көрсеткіштен 20,5% - ға немесе 157 млрд теңгеге артық.

«Самұрық-Қазына» 2019 жылдың қорытындысы бойынша салықтардың түсімін 39% - ға ұлғайтты, бұл шамамен 1,2 трлн теңгені немесе мемлекет бюджетіне түсетін барлық түсімдердің 10% - ын құрады.

4. Дивидендтерді төлеуге және «профельді емес объектілерді салуға» қатысты. 2019 жылы акционерге (ҚР Үкіметіне) дивидендтер 2 есеге артып, 190 млрд теңгені құрады. Бұл Корпоративтік орталықтың таза табысының 70%-ы. Акционердің пайдасына қалған бөлулерге қатысты шешімдер Үкіметтің қаулысымен ел Президентінің келісімі бойынша қабылданады, мысалы, Арыс және Түркістан қалаларында объектілер салынғанда жағдайда.

5. «... іс жүзінде экономикадағы үш Холдингтің үлесі төмендемейді... олардың шоғырландырылған активтері 32 трлн теңгеден астам сомаға жетті». Активтер құнын ұлғайту» Қор туралы...» Заңда және 2018 жылдың сәуірінде бекітілген Стратегияда белгіленген міндет болып табылады. Өткен кезеңде ол 1,7 трлн теңгеге өсіп, 26,5 трлн. теңгені құрады.

Осы баспасөз хабарламасындағы барлық ақпарат бірнеше рет бұрын жарияланып, ашық көздерде бар.

Қор және оның портфельдік компаниялары халықаралық агенттіктердің оң рейтингтеріне ие бола отырып, осы ірі активтерді ІРО-ға шығару бойынша қарқынды жұмыс жүргізіп жатыр. Осыған байланысты, Қор осындай түрдегі шындыққа жанаспайтын мәлімдемелерге жауап беру құқығын өзіне қалдырады.