«САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» ҚОРЫ БАНКТЕРМЕН НЕСИЕ АЛУҒА ТҰРАҚТЫ КЕПІЛ РЕТІНДЕ ОФФТЕЙК-ШАРТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ ТУРАЛЫ КЕЛІСТІ
578
13 Мамыр 2020
«Самұрық-Қазына»ҰӘҚ» АҚ Қазақстан Республикасының экономикасын қалпына келтіру жөніндегі шараларды іске асыруға кірісті. «Самұрық-Қазына» импортты алмастыру бағдарламасы және «оффтейк-келісім-шарттар» механизмі арқылы бизнеске қолдауды күшейтеді. БҰЛ туралы онлайн баспасөз мәслихаты барысында Қор Басқарма төрағасының орынбасары Әлішер Пірметов мәлемдеді.
Әлішер Пірметов «оффтейк-келісім-шарттар» механизмінің тиімділігін дағдарыс кезінде жоспарланған өнімдерге ұзақ мерзімді тапсырыс беруді қамтамасыз ететін құрал ретінде атап өтті. Қор компаниялар тобында тұрақты сұранысқа ие, бірақ елде өндірісі жоқ тауарлардың пулын құрайды. Бүгінде бұл тізімге жалпы көлемі ұзақ мерзімді қажеттілікпен 200 млрд теңгені құрайтын 1200-ден астам тауар енді.
ҚР қаржыгерлер Ассоцияциясымен, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ және «Bank RBK» АҚ-мен бірлесіп, екінші деңгейлі банктердің сенімді тұрақты кепілі ретінде қабылдауы үшін келісім-шарттың стандартты түрі келісілді.
Қазіргі уақытта Қор машина жасау, химия және телекоммуникациялар саласындағы 37 жобаны мақұладады. Бұл жобаларға жоспарланған инвестициялардың көлемі шамамен 218 млрд теңгені құрайды және шамамен 2000 жаңа жұмыс орнын құруды қарастырады.
Бұдан басқа, Қордың қоржындық компаниялары 22 млрд теңгеге 35 келісімшарт жасасты. Мәселен, Қор инвсетициясы 65 млрд теңге болатын метанол зауытының құрылысын, сондай-ақ 821 миллион теңгенің инвестициялары бар энергетика саласында қолданылатын электрсүзгі элементтерін шығару жобасын қолдады.
«Оффтейк-келісім-шарттар механизмінің арқасында Қор елімізде жаңа өндірістер құруға қолдау көрсетті. Егер бұрын компаниялардың қаражаттары шетелге кетсе, бүгінде олар еліміздің экономикасы үшін жұмыс істеп, жұмыс орындарын сақтап қалуға және құруға өз үлестерін қосып жатыр»,- деді Әлішер Пірметов.
Ә.Пірметов қазақстандық кәсіпкерлерді қолдау мақсатында компаниялар тобыныңсатып алуларына қолжетімділік жеңілдетілгенін атап өтті. Атап айтқанда, тауар өндірушілер тендерге өтінімді және келісім-шарттарды енгізуден босатылды, сатып алу мерзімін 41 күннен 31күнге қысқарылды және баға ұсыныстарын сұрату кезінде 20 күннен 16 күнге дейін береді. Тендер бойынша құжаттар көлемі 12 күннен 9 күнге дейін, баға ұсыныстарын сұрату 6 күнге дейін қысқартылды.
Президенттің тапсырмаларын іске асыру үшін төтенше жағдай талаптарына байланысты айыппұл санкциялары мен бизнеспен шарттық міндеттемелерді орындамағаны үшін сенімсіз жеткізушілер тізіміне енгізу тоқтатылды.
Сатып алу стандартында қазақстандық материалдар мен жабдықтарды жобалау-сметалық құжаттаманы жасау кезінде қолдануға міндеттелді. Осы нормаларды бұзғаны үшін айыппұл санкциялары қарастырылған.
Ә.Пірметов атап өткендей, Қор компанияларына 500 млн теңгеге дейін сатып алу кезінде жұмыс орындарын сақтау жөніндегі меморандумдар/келісімдер жасауды пысықтау тапсырылды. Бүгінгі таңда қызметкерлердің қысқаруына жол бермеу бойынша бизнес міндеттемелері бар 800-ге жуық келісімге қол қойылды. Сатып алу жеңімпаздары 163 компания жаңа жұмыс орындарын құру бойынша міндеттемелер қабылдады.
«Қор үшінші жыл отандық бизнесмендер үшін сатып алу шарттарын жақсартып жатыр. Бүгін, ел үшін дағдарысты сәтте бизнес жауапты қадам жасауға тиіс уақыт келді. Яғни, бұрынғыдай келісім-шарттық шарттарды орындау ғана емес, сонымен қатар жұмыс орындарын да сақтау»,- деп атап өтті Ә.Пірметов.
Өз кезегінде, компаниялардың бірінші басшыларының барлық орынбасарларына қазақстандық қамтуды қамтамасыз ету жөнінде KPI орнатылды. Оның ішінде «қарапайым заттар экономикасы» салалары бойынша отандық тауар шығарушыларды қолдау да бар. Ағымдағы жылда олардың үлесі 2019 жылы 75%-дан 94%-ға дейін өсті.
Соңында Ә.Пірметов компания тобының сатып алу жоспары 2020 жылы 2,8 трлн теңгені құрап, 78%-ға немесе 2,2 трлн тенгеге орындалғанын атап өтті. Өткізілген сатып алу қорытындысы бойынша үнем 98 млрд теңгені құрады.
Айта кеткен жөн, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның қорытындысы отырысында экономикалық белсенділікті қалпына келтіру құралы ретінде сатып алуды сауатты пайдалану қажеттігін атап өтті.
{{ $t('messages.news1') }}
Серіктестіктің барлық бағыттары бойынша оң динамика: Қор басшысы Қытай...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» қорында алғаш рет қысқы Спартакиада өтті
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» АҚ қоғамдық кеңесінің жаңа құрамы бекітілді
{{ $t('messages.news1') }}
Ынтымақтастық туралы келісім және атом саласындағы меморандум: «Самұры...