10 қыркүйекте "Самұрық-Қазына" Қорының корпоративтік орталығының қызметкерлері "Донор күні" шарасына белсенді атсалысты. Шараға 70-тен астам қызметкер қатысып, барлығы 32 литр қан тапсырды.
Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығының мобильді бригадасы қан тапсырамын дегендерді арнайы жабдықталған бөлмеде төрт донордан қабылдады.
"Самұрық-Қазын" АҚ корпоративтік орталығымен қатар "Тау-Кен Самұрық" ҰТК" АҚ, "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ, "Бірлескен химимялық компания" ЖШС, "Samruk-Kazyna Trust" әлеуметтік жобаларды дамыту Қоры, "Samruk-Kazyna Construction" АҚ "Самұрық Қазына Ивест" ЖШС, "Самұрық-Қазына Контракт" ЖШС, "Самұрық-Қазына Бизнес Сервис" ЖШС, "KLPE" ЖШС және басқа да портфельдік компаниялардың қызметкерлері қан тапсырды.
Айта кетейік, бұл шара "Самұрық-Қазына" Қорының бастамасымен Әлеуметтік өзара ықпалдастық және коммуникация орталығының қолдауы арқасында "SK Volunteers" еріктілер Лигасымен жыл сайын ұйымдастырылып келеді. SK Volunteers еріктілер Лигасы "Самұрық-Қазына" компаниялар тобының барлық қызметкерлерін біріктіреді. Еріктілер қатарына қосылу үшін
http://volunteer.sknews.kz/ сайтында өтініш толтыру керек. Қор тобында еріктілер қызметі төрт бағыт бойынша жүргізіледі:
Qamqor - мұқтаждарды қолдау, Umit – қоғамдық еріктілер қозғалысы, Asyl mura – Қазақстан тарихын сақтап дәріптеу бағыты, Taza Kazakhstan – табиғатты сақтауға үлес қосу.