«Самұрық-Қазына» Қоры Қазақстанның машина жасау саласын қолдаудың тиімді механизмдерін жүзеге асыруда

«Самұрық-Қазына» Қоры Қазақстанның машина жасау саласын қолдаудың тиімді механизмдерін жүзеге асыруда

944

23 Қыркүйек 2021

Нұр-Сұлтанда онлайн-оффлайн форматта «Қазақстанның машина жасау саласы заманауи жағдайда» тақырыбындағы ІХ Форум өтіп жатыр. Онда ұлттық әл-ауқат Қорының компаниялар тобы мен бизнес арасында қазақстандық өндірушілерді қолдаудың барлық тараптарға тиімді болған шаралары туралы баяндамасы ұсынылды.  

2018 ж. бері «Самұрық-Қазына» АҚ импортты алмастыру Бағдарламасын іске асырып келеді. Басты мақсаты – Қазақстанда теңдесі жоқ өндірістерді ашуға ынталандыру. Ұзақмерзімді оффтейк-келісім шарт жасасу отандық кәсіпкерлерге Қордың портфельдік компаниялары үшін жаңа өнім түрлерін өндіруді қолға алып, тиімді іске асыруға мүмкіндік береді.   

Осындай алғашқы жобалардың бірі - трансформаторлар мен реакторлардың жаңа түрлерін шығаруды игерген қазақстандық кәсіпорынмен жасалған оффтейк-келісім шарт. Нәтижесінде ондай жабдықтарды импорттау көлемі жылына 8,5 млрд теңгеге дейін қысқарды. 

Жаңа жобалардың қатарында мұнайды терең өңдеуге қажет катализаторлар өндірісі, шығын есептеуіштер және басқа да елімізде бұрын шығарылмаған өнім түрлері бар. Осы күнге дейін мұндай 54 жоба мақұлданған. Жалпы құны 77,7 млрд теңгеден асатын 155 оффтейк-келісім шартқа қол қойылды. Өнім шығаруды игерген кәсіпорындар жергілікті бюджеттерге 180 млрд теңгеден асатын салық төлеп үлгерді.  

Аталған жобаларды жүзеге асыру ел экономикасының дамуына оң әсерін тигізіп қана қоймай, жаңа жұмыс орындарының ашылуына және салықтық базаның кеңейуіне ықпал етеді. 2021 ж өткен 8 айының қорытындысы бойынша Қордың сатып алулары көлемінде қазақстандық үлес 76% құрады. 

Бұл бағыттағы жұмысты ұлттық әл-ауқат Қоры әрі қарай жалғастыратын болады.