Отын-энергетика кешенінің қуатын жедел жаңғырту қажет — А. Мамин
1312
22 Желтоқсан 2021
ҚР Премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Қазақстанның энергетика саласын дамыту мәселелері қаралды.
Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев, «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев, Нұр-Сұлтан қаласы, Жамбыл және Қарағанды облыстарының әкімдері Алтай Көлгінов, Бердібек Сапарбаев және Жеңіс Қасымбек баяндама жасады.
«Самұрық-Қазына» Қорының басшысы Алмасадам Сәтқалиев мәлімдегеніндей, биыл елімізде энерготұтыну көлемі орташа есеппен 6,9%, ал, Оңтүстік аймақта - 10,9%өсті. 2035 жылға дейін энерготұтыну қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін шамамен 12 ГВт қуат өндіру керек болады. Ол үшін жаңа атом, газ, көмір стансаларын салып, жаңартылатын қуат көздерін енгізу қажет.
Ел экономикасының электрқуатын тұтыну көлемін ескере отырып, Қор бірқатар басымдыққа ие жобаларды іске асыра бастады. Соның ішінде:
- Алматы энергокешенін жаңғырту (1,2,3 - ЖЭО), соның ішінде 2- және 3-ЖЭО газбен жағылатын қазандықтарын іске қосу (жобалық қуаты 470 МВт-қа ұлғаяды)
- Түркістан облысында қуаттылығы 1000 МВт бу-газ қондырғысын салу
- Екібастұз ГРЭС – 1 №1 блогын қайта қалпына келтіру
- Екібастұз ГРЭС – 2 жаңа №3 блок салу
Бұдан бөлек, шетел инвесторларымен жаңартылатын қуат көздері саласындағы жобаларды іске асыру көзделген: «ADQ» араб компаниясымен бірге қуаттылығы 2 ГВт күн электрстансасын салу, 2 ГВт жел электр стансасын салу, 1 ГВт бу газ электр стансасын салу, «TOTAL EREN» компаниясымен бірлесіп, 1 ГВт жел электр стансасын салу.
Алмасадам Сәтқалиев қуат көздерінің негізі бола алатын қондырғыларды салу қажеттілігіне ерекше тоқталды. Олар көміртек ізін азайтуға сеп болады. Айталық, Алматы облысындағы Үлкен кентінде атом электр стансасын салуға болады. Кейінгі жылдары шығыстағы Курчатов қаласында АЭС салу, және батыста Ақтаудағы МАЭК негізінде қуат алу жоспарлары да назардан тыс қалмады.
«Самұрық-Қазына» Қорының басшысы Қазақстанның электржелілер жүйесін жаңғырту және мұнай-газ саласын дамыту жөніндегі жоспарлар туралы да баяндап берді.
Отырыстың қорытындысы бойынша Премьер-министр үстіміздегі жылдың соңына дейін «2030 жылға дейінгі отын-энергетикалық кешенді дамыту Тұжырымдамасын» қабылдауды, 2022 ж. 1 сәуіріне дейін еліміздің солтүстік және шығыс өңірлерін газбен қамту жөнінде кешенді шешім шығаруды тапсырды.
Үкімет басшысы жаңа электрстансаларын салуды және жаңартуды қамтамасыз ететін қаржыландыру механизмдерін әзірлеп, мұнайхимия саласындағы жобаларды іске асыруды қамтамасыз етуді және «жасыл энергетиканы» дамыту бойынша жұмысты жылдамдатуды тапсырды.
{{ $t('messages.news1') }}
Серіктестіктің барлық бағыттары бойынша оң динамика: Қор басшысы Қытай...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» қорында алғаш рет қысқы Спартакиада өтті
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» АҚ қоғамдық кеңесінің жаңа құрамы бекітілді
{{ $t('messages.news1') }}
Ынтымақтастық туралы келісім және атом саласындағы меморандум: «Самұры...