«Самұрық-Қазына» қоры мен CNPC Қытай компаниясы ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады
1218
19 Сәуір 2022
Бүгін «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев пен Орталық Азиядағы CNPC компаниясының президенті Биан Дыжы қытай мұнай-газ компаниясының Қазақстандағы қызметі мәселелерін талқылады.
Алмасадам Сәтқалиев Қазақстанның экономикасын дамытуға CNPC компаниясының қосқан үлесін атап өте отырып, ынтымақтастықты одан әрі дамыту бағыттарын белгіледі. Бұл мұнай-газ кен орындарын бірлесіп игеру, көмірсутектерді тасымалдау көлемін ұлғайту және мұнай өңдеу мәселесі.
Алмасадам Сәтқалиев пен Биан Дыжы Қашаған кен орнында газ өңдеу зауытын салу жобасын, жасыл энергетикадағы жобаларды бірлесіп іске асыру мүмкіндіктерін де талқылады және бұрын қол жеткізілген уағдаластықтарды сақтау ниеттерін білдірді.
{{ $t('messages.news1') }}
Нұрлан Жақыпов Зимбабвенің әл-ауқат қорының инвестициялар жөніндегі ди...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» тобы Оман Сұлтанының Қазақстанға сапары аясында бірқа...
{{ $t('messages.news1') }}
Астанада алғашқы Қазақстан–Оман бизнес-форумы өтті
{{ $t('messages.news1') }}
Астанада «Самұрық-Қазына» тобының 500-ге жуық қызметкері сенбілікке шы...