«Самұрық-Қазына» АҚ өзіне тиесілі Қашағанның акцияларынан заңсыз салынған тыйымды алып тастауға қол жеткізді
3467
17 Маусым 2022
2022 жылғы 14 маусымда Гаага қаласының Апелляциялық соты Қордың Стати тарапына қарсы көпжылдық сот процесі бойынша түпкілікті шешім шығарды, оған сәйкес Қорға тиесілі Қашаған акцияларына 2017 жылғы қыркүйекте салынған тыйым алынып тасталды.
Осы шешім «Самұрық-Қазына» АҚ-ның мүлкіне салынған тыйымның заңсыз әрі негізсіз екендігін растай отырып, Қордың Қашаған акцияларын қандай да бір бұрын салынған шектеулерсіз, дербес иеленуге және билік етуге қатысты заңды құқықтарын қалпына келтіреді, бұл тек «Самұрық-Қазына» АҚ үшін ғана емес, сонымен қатар мүддесін Әділет министрлігі мен оның консультанттары қорғаған Қазақстан Республикасының түбегейлі маңызды жеңісі болып табылады.
Сот шешімі «Самұрық-Қазына» АҚ-ның халықаралық аренадағы Қазақстан Республикасының егеменді қоры ретіндегі мәртебесін іс жүзінде бекітеді.
«Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев сот шешіміне қатысты: «Біз Гаага сотының шешімін қолдаймыз, ол Қазақстан Республикасы халқының ұлттық әл-ауқатын арттыру – Қордың негізгі мақсаты мен міндеті екенін айқындайды»,- деп өз пікірін білдірді.
{{ $t('messages.news1') }}
Қор басшысы Нұрлан Жақыпов Energy China Overseas Investment директорла...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» халықаралық капитал нарығында 3 млрд юань тартты
{{ $t('messages.news1') }}
ҚТЖ Баку кеме жасау зауытында екі әмбебап құрғақ жүк кемесін құрастыра...
{{ $t('messages.news1') }}
Қазақстан мен Әзербайжан Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желіс...