«Самұрық-Қазына» АҚ және «Татнефть» ЖАҚ басшылары ынтымақтастықты дамыту жоспарларын талқылады

«Самұрық-Қазына» АҚ және «Татнефть» ЖАҚ басшылары ынтымақтастықты дамыту  жоспарларын талқылады

787

17 Маусым 2022

Петербург халықаралық экономикалық форумы аясында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Татарстан Республикасының Президенті Рустам Миннихановпен кездесті. 

Кездесуге екі елдің ірі компанияларының басшылары – «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев және «Татнефть» ЖАҚ бас директоры Наиль Маганов қатысты.

WhatsApp Image 2022-06-17 at 14.22.05.jpeg

Тараптар Атырау облысындағы «Қаратон-Сарқамыс» жобасы бойынша бірлескен жұмыс жоспарларын талқылады. «Татнефть» компаниясы жұмыс істеп тұрған Теңіз және Королевское ірі кен орындарының маңындағы учаскеде геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуде стратегиялық серіктес болып табылады. Қор осы жобаны табысты іске асыру үшін барлық қажетті қолдау шараларын ұсынуға дайын. 

«Самұрық-Қазына» АҚ Үкіметпен бірлесіп, мұнай-газ саласының инвестициялық тартымдылығын арттыру үшін заңнамаға реттеу және фискалдық өзгерістер пакетін аяқтау бойынша қарқынды жұмыс жүргізуде. «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның бағалауы бойынша «Қаратон-Сарқамыс» жер қойнауы учаскесінің болжамды алынатын ресурстары - 124 млн. тонна мұнайға жетеді.

Анықтама үшін: «Татнефть» ЖАҚ – акциялары Лондон және Мәскеу қор биржаларында сатылатын ірі жария компания. Компания 77 мұнай кен орындарында кен өндіруді жүзеге асырады және Ресейдің және жақын шетелдердің әртүрлі өңірлерінде сегіз жүзден астам жанар-жағармай құю станциялары желісіне ие.