«Самұрық-Қазына» АҚ-да басым жобаларды іске асыру мәселелерін талқылады
986
15 Шілде 2022
Бүгін «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев Мемлекет Басшысының Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарына енгізілген Қордың басым жобалары жөнінде кеңес өткізді.
Портфельдік компаниялардың басшылары басым жобаларды іске асырудың қазіргі жағдайы туралы баяндап, проблемалық мәселелерді талқылады.
Атап айтқанда, төменде аталған салалардағы жобалардың іске асырылу барысы туралы есептер тыңдалды.
Батыс өңірлерді сумен қамтамасыз етуге арналған жобалар: «Астрахань-Маңғышлақ» магистральды су тартқышын қайта жаңарту және Кендірлі кентінде теңіз суын тұщыту зауытын салу. Қордың Басқарма төрағасы «Астрахань-Маңғышлақ» магистральды су тартқышын қайта жаңарту жобасын қаржыландыру бойынша келіссөздерді аяқтау, сондай-ақ Кендірлі кентінде теңіз суын тұщыту зауыты үшін қосалқы инфрақұрылым сала отырып, Ақтау мен Жаңаөзен қалаларында су тапшылығын болдырмау жөнінде тұжырымдамалық шешім қабылдау қажеттілігін атап өтті.
«Мақат-Солтүстік Кавказ» МГҚ лупингінің құрылысын, Маңғыстау облысының газ тасымалдау жүйесін қайта жаңарту, Алматы қаласының ЖЭО үшін газ инфрақұрылымын салу, «Сарша» елдімекенін және «Жылы жағажай» курорттық аймағын газдандыру және Қашаған кентінде газ өңдеу зауытын салуды қамтитын газбен жабдықтауға арналған жобалар. Алмасадам Сәтқалиев жобалар бойынша дайындық рәсімдерін жеделдету және жобаларды іске асырудың инвестициялық фазасына көшу қажеттігін атап өтті. «QazaqGaz» ҰК» АҚ басшылығына Алматы қаласының ЖЭО-2 және ЖЭО-3 үшін газ инфрақұрылымын салу мақсатында, жер учаскелерін бөлу бойынша Алматы қаласының әкімдігімен жұмысты аяқтау тапсырылды.
Алматы ЖЭО-2-де БГҚ салу, қуаттылығын ұлғайта отырып, БГҚ базасында Алматы ЖЭО-3 қайта жаңарту, БГҚ сала отырып, ЖЭО-1 кеңейту, Алматы және Алматы облысының кабельдік желілерін қайта жаңарту сияқты электр энергетикасы саласындағы жобалар. Қор басшысы энергия қуатының тапшылығын қамтамасыз ету үшін және де Алматы қаласының экологиялық жағдайын жақсарту мақсатында, аталған жобаларды уақтылы іске асырудың аса маңызды екенін атап өтті.
Энергия генерациялайтын қуаттарды дамыту бойынша Түркістан облысында қуаты 1000 МВт-қа дейін жететін бу-газ электр станциясын салу жобасын іске асыру да жоспарға сәйкес жүргізілуде.
Мәселен, 15 шілде күні «КОРЕМ» АҚ сауда алаңында Түркістан облысындағы маневрлік генерациялау режимімен генерациялайтын қондырғыларды салу бойынша аукциондық сауда-саттық өтті. Аукциондық сауда-саттықтың жеңімпазы «Түркістан БГҚ» ЖШС («Самұрық-Қазына» АҚ еншілес ұйымы) болды.
Түркістан облысындағы электр станциясын салу ҚР-ның энергия жүйесіндегі электр энергиясының тапшылығын азайтуды қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, маневрлік қуаттарды енгізу арқылы энергия жүйесінің сенімділігін арттырады.
Мемлекет басшысының ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 14 шілдедегі кеңейтілген отырысында елдің бірыңғай энергия жүйесінің Оңтүстік және Батыс аймақтары электр желісін күшейту жобаларына қатысты берген тапсырмалары жеке қаралды.
Осы мәселе бойынша «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы Қаныш Молдабаев, жобаларға қатысты құрылыс-монтаж жұмыстары бекітілген жоспар-кестелерден қалмай, тіпті кейбір жұмыс түрлері кестеден көш ілгері жүргізіліп жатқанын атап өтті. Жобалар белгіленген мерзімде іске асырылатын болады.
Теміржол көлігін дамыту жобасы – «Достық-Мойынты» теміржол дәлізін жаңғырту. Жоба бекітілген мерзімдерге сәйкес жүзеге асырылып жатқаны аталыпп өтілді. Осы жобаны іске асыру контейнерлік поездардың жылдамдығын тәулігіне 834 км-ден 1 500 км-ге дейін арттыруға, сондай-ақ учаскенің өткізу қабілетін 5 есе, тәулігіне 12-ден 60 жұп поезға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Кеңесті қорытындылай келе, Алмасадам Сәтқалиев бірінші басшылардың басым жобаларды іске асыруда дербес жауапкершілігін ескерте отырып, жобалардың мерзіміне, сапасына, уақтылы пайдалануға енгізілуі және мәлімделген өлшемдерге қол жеткізілуіне қатысты нақты тапсырмалар берді.
{{ $t('messages.news1') }}
Серіктестіктің барлық бағыттары бойынша оң динамика: Қор басшысы Қытай...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» қорында алғаш рет қысқы Спартакиада өтті
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» АҚ қоғамдық кеңесінің жаңа құрамы бекітілді
{{ $t('messages.news1') }}
Ынтымақтастық туралы келісім және атом саласындағы меморандум: «Самұры...