«Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев сатып алуды жүргізу кезіндегі бұзушылықтар үшін жауапкершілікті еске салды
958
19 Шілде 2022
«Қор сатып алу процестеріне тек әдістемелік басшылықты және Қор мен портфельдік компаниялардың сатып алуын жүзеге асыру саласында бақылауды қамтамасыз ететінін тағы да атап көрсеткім келеді.
Бірінші басшылар және сатып алу мәселелеріне жетекшілік ететін басшылар сатып алуды өткізу кезінде жіберілген бұзушылықтар үшін жеке жауапты болады. Бұған қоса, бақылау нәтижелері бойынша тапсырыс берушілердің қылмыстық құқық бұзушылық құрамының белгілері бар іс-әрекет жасау (әрекет жасамау) фактісі анықталған жағдайда, Қор бақылау материалдарын құқық қорғау органдарына беретінін ескертемін», - деп атап өтті Қорды реформалау жөніндегі кеңесте Алмасадам Сәтқалиев.
Қор басшысы алдын ала біліктілікті іріктеу (АБІ) арқылы сатып алу рәсімдеріне де жеке тоқталып өтті.
«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ, «QazaqGas» ҰК» АҚ және «ҚазТрансОйл» АҚ тарапынан жаңа санаттарды әзірлеуде белсенділіктің төмендігі байқалады. Оң тәжірибе ретінде «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның «Достық - Мойынты» инвестициялық жобасын АБІ 2.0 номенклатурасына жедел енгізуге қатысты жұмысын атап өткім келеді. Нәтижесінде бұл ҚТЖ-ға әлеуетті жеткізушілерге қойылатын талаптарды ашуға және егжей-тегжейлі зерделеуге және тәжірибелі жеткізушілер арасында сатып алулар жүргізуге мүмкіндік береді», - деп сөзін толықтырды Қор басшысы.
{{ $t('messages.news1') }}
Серіктестіктің барлық бағыттары бойынша оң динамика: Қор басшысы Қытай...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» қорында алғаш рет қысқы Спартакиада өтті
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» АҚ қоғамдық кеңесінің жаңа құрамы бекітілді
{{ $t('messages.news1') }}
Ынтымақтастық туралы келісім және атом саласындағы меморандум: «Самұры...