«Самұрық-Қазына» АҚ корпоративтік басқару кодексіне үздік әлемдік тәжірибелерді енгізетін болады

«Самұрық-Қазына» АҚ корпоративтік басқару кодексіне үздік әлемдік тәжірибелерді енгізетін болады

857

19 Шілде 2022

Мұндай тапсырманы бүгін Басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев Қорды реформалау жөніндегі жоспарды іске асыру жөніндегі кеңесте берді. Қор басшысы үздік әлемдік тәжірибелердің жаңа ережелері директорлар кеңестері құрамының тәуелсіздік пайызын арттыруды, тәуекелдерді басқару жүйесін, ішкі аудит және комплаенс жүйесін күшейтуді, директорлар кеңестерінің сабақтастығын жоспарлауды, ESG-мақсаттардың интеграциясын, гендерлік теңдікті қамтитынын атап өтті.

«Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы 2022 жылғы IFC (InternationalFinanceCorporation – partoftheWorldBank) соңғы зерттеуіне сәйкес Директорлар кеңестеріндегі гендерлік әртүрлілік компаниялардың кірістілігін, ESG көрсеткіштерін және соның салдарынан, инвестициялық тартымдылығын арттыратынына тоқталып өтті. Басшылығында әйелдер жоқ портфельдік компаниялардың басшыларына ұсыныстар берілді. 
Алмасадам Сәтқалиев Директорлар кеңесін, олардың кәсіби құрамын күшейтудің маңыздылығын ерекше атап өтті. Қордың тағы бір басым міндеті – ESG қағидаларына сәйкестігі, деп атап өтті Басқарма төрағасы.

«Өткен жылы қазан айында LSE климатқа байланысты қаржылық ақпаратты ашу жөніндегі мақсатты топтың (TCFD, TaskForceonClimate-RelatedFinancialDisclosures) ұсынымдарына сәйкес келетін климат туралы ақпаратты ашатын тұрақты қор биржалары жөніндегі БҰҰ-ның үлгілік нұсқаулығы негізінде климаттық есептілік жөніндегі нұсқаулықты шығарған алғашқы алаң болды.
Қор тобының компанияларына жария есептіліктегі ақпараттың сапасы мен қолжетімділігін күшейту үшін ISSB, TCFD, GRI (GlobalReportingInitiative) және басқа да осындай ақпаратты ашу жөніндегі стандарттарды енгізу қажет», - деп мәлімдеді Алмасадам Сәтқалиев. 

Сонымен қатар, Қор мердігерлерге, өнім берушілерге және инвестициялық серіктестерге қойылатын талаптардың ESG-талаптарына сәйкестігін қатаңдатады. Бұл бастамалардың барлығы, басқалармен қатар, Қор реформаларының екінші пакетіне кірді.