«Самұрық-Қазына» АҚ басшысы компаниялардың IPO-ға дайындығы туралы
1297
19 Шілде 2022
Алмасадам Сатқалиев жекешелендіру барысындағы маңызды процесс ретінде Қордың экономикадағы үлесін азайту қажеттігін айтты.
«Алдымызда ҚМГ-ны жыл соңына дейін IPO-ға шығару міндеті тұр. ҚМГ-ны IPO-ға жергілікті AIX және KASE қор биржаларында халықаралық инвесторларға да қолжетімді етіп шығару жоспарлануда.
Жалпы, еншілес компанияларды IPO-ға шығару күніне қарамастан, олардың әрқайсысына акционерлермен келісілген мерзімде корпоративтік басқару мен есептілік тұрғысынан листингілік талаптардың сақталуын қамтамасыз етуі тиіс екенін атап өткім келеді.
Орналастыруға дайын болу қажет. Нақты жоспар болуы керек. Cату алдындағы барлық дайындық шарасы мен жауапты басшылары көрсетілген жол карталарын белгіленген тәртіпте бекітуге тапсырма беремін», - деді Алмасадам Сатқалиев. Қор басшысы жол карталарының орындалуы жүйелі түрде тексерілетінін жеткізді.
{{ $t('messages.news1') }}
Қор басшысы Нұрлан Жақыпов Energy China Overseas Investment директорла...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» халықаралық капитал нарығында 3 млрд юань тартты
{{ $t('messages.news1') }}
ҚТЖ Баку кеме жасау зауытында екі әмбебап құрғақ жүк кемесін құрастыра...
{{ $t('messages.news1') }}
Қазақстан мен Әзербайжан Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желіс...