Қазақстан оңтүстігіндегі энергия қауіпсіздігі жаңа электр қуатымен нығайтылды
2424
29 Шілде 2022
Түркістанда кернеуі 220 кВ «Орталық» жаңа қосалқы станция пайдалануға берілді, Құрылыс «KEGOC» АҚ-ның «Түркістан қаласын сыртқы электрмен жабдықтау схемасын күшейту. Электр желілік объектілердің құрылысы» аясында жүзеге асырылды.
Құны 9,93 млрд теңге болатын жоба компанияның өз қаражатына жасалды. Оны іске асыру барысында басымырақ отандық өндірушілердің жабдықтары мен материалдары пайдаланылды.
Бұл жұмыстар Түркістан әкімшілік орталығының энергия тұрақтылығын нығайтуға қатыса отырып, өңірдің энергия торабының электрмен жабдықтау тарихының жаңа беттерін ашады. Облыс орталығының Түркістанға көшуіне және өнеркәсіптің жедел қарқын алуына байланысты өңір экономикасы мен электр энергиясын тұтыну өсімі болжанып отыр.
Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев өз сөзінде жобаның әлеуметтік әсері жоғары екенін атап өтті. Құрылыс кезінде 114 жұмыс орны құрылды, ал пайдалануға берілгеннен кейін қосалқы станцияда 10 адам тұрақты түрде жұмыс істейтін болады.
KEGOC басшысы Қаныш Молдабаевтың айтуынша, жобаға деген қажеттілік Түркістан энергия торабында электр энергиясын тұтынудың айтарлықтай өсуіне байланысты болып отыр.
«Жаңа қосалқы станция Түркістан энергия торабын қосымша электрмен жабдықтау орталығын қамтамасыз етеді. Осының арқасында жергілікті тарату электр желісін дамыту үшін жағдайлар жасалады, өңірлік желінің өткізу қабілеті қамтамасыз етіледі», - деді Қаныш Молдабаев.
{{ $t('messages.news1') }}
Нұрлан Жақыпов Гонконг арнайы әкімшілік ауданы Үкіметінің қаржы хатшыс...
{{ $t('messages.news1') }}
Нұрлан Жақыпов E Fund Management компаниясының жаһандық акциялар бойын...
{{ $t('messages.news1') }}
Нұрлан Жақыпов MTR Corporation компаниясының бас атқарушы директоры Дж...
{{ $t('messages.news1') }}
Нұрлан Жақыпов Гонконгта Hong Kong Exchanges and Clearing (HKEX) бас д...