Түркістан облысында заманауи электр станциясы іске қосылады
2287
29 Шілде 2022
Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев пен «Самұрық-Қазына» қорының басшысы Алмасадам Сәтқалиевтің қолы қойылған уақыт капсуласы қуаты 1000 МВт-қа дейінгі бу-газ қондырғысы негізіндегі болашақ электр станциясының іргетасына қаланды.
«Бұл жоба елдің энергетикалық қауіпсіздігін және Ұлттық Энергожүйе жұмысының сенімділігін арттырады, әсіресе оңтүстік, энергия тапшылығы бар өңірде. Генерацияның маневрлік режимі бар бу-газ қондырғысының құрылысы Қазақстан Республикасының энергия жүйесінде жаңартылатын энергия көздерін интеграциялау үшін қолайлы жағдайлар жасайды», – деп хабарлады «Самұрық-Қазына» басшысы.
Бу-газ қондырғысы базасындағы электр станциясы-Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспары жобаларының бірі, сондай-ақ ол Қордың басым жобаларының тізбесіне енді. Өндіріс 2026 жылы іске қосылады.
Станция құрылысы үшін екі мыңға жуық жұмыс орны ашылады. Бұл ретте «Самұрық-Қазына» қорының бірінші кезектегі міндеттерінің бірі тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу кезінде жергілікті қамту үлесін барынша арттыру болып табылады. Жоспарланған инвестиция көлемі-700 млрд. теңгеден астам.
Кәсіпорын жылына 5,5 млрд кВт/сағ астам электр энергиясын өндіретін болады және бұл бизнесті дамыту үшін қолайлы жағдай, Қазақстанның халқы тығыз орналасқан өңірлерінің бірінде жаңа жұмыс орындарын ашады.
Пайдалануға берілгеннен кейін 200-ден астам жұмыс орны ашылады. Кәсіпорынға жергілікті тұрғындарды оқыту және қатыстыру бойынша қосымша бағдарлама қарастырылған.
{{ $t('messages.news1') }}
Қор басшысы Өскемендегі «Kazzinc» кәсіпорнында болды
{{ $t('messages.news1') }}
Қор басшысы Нұрлан Жақыпов Катардың Сыртқы сауда жөніндегі министрі Ах...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» АҚ басшысы Нурлан Жақыпов «Қазақстан темір жолы» ҰК» ...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» АҚ-да халықаралық сарапшылардың қатысуымен «ҚазМұнайГ...