«Самұрық-Қазына» қоры IPO мәселесіне қатысты Батыс Қазақстан облысының тұрғындарымен кездесу өткізді

«Самұрық-Қазына» қоры IPO мәселесіне қатысты Батыс Қазақстан облысының тұрғындарымен кездесу өткізді

515

27 Қыркүйек 2022

26-27 қыркүйек аралығында «Самұрық-Қазына» қорының, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «Қазпошта» АҚ өкілдері бүкіл Қазақстан бойынша өткізілетін жекешелендіру және IPO тақырыптары бойынша кең ауқымды науқан шеңберінде, Батыс Қазақстан облысында (Орал қаласы және Ақсай кенті) ақпараттық-түсіндіру кездесулерін ұйымдастырды. Іс-шараға қазақстандық брокерлік-дилерлік ұйымдар мен AIX және KASE қор биржаларының өкілдері де қатысты.

Сарапшылар тұрғындарға «Самұрық-Қазына» қорының жекешелендіру бағдарламасы мен портфельдік компаниялардың IPO-сын, соның ішінде бірінші IPO-кандидаты – «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ туралы негізгі ақпаратты түсіндірді, сондай-ақ азаматтарды қызықтыратын сұрақтарға жауап береді, оның ішінде  акцияларды кімнен сатып алуға болатынын, алаяқтардың әрекеттерінен өзіңізді қалай қорғау керек екенін және тағы басқаларды түсіндірді.
«Самұрық-Қазына» АҚ Экономика және жоспарлау департаментінің директоры Мират Өтепов атап өткендей, Қор жеке инвесторлар мен жеке тұлғаларды IPO-ға барынша көп тартуға тырысады.

Фото_Мират Утепов.JPG

«Инвесторлардың сапалы базасын құруды, сондай-ақ елдегі инвестициялық мәдениетті дамытуды Қор өз стратегиясының маңызды құрамдас бөлігі ретінде көреді. Осы мақсатта Қор ipo.sk.kz арнайы ресурсын іске қосты, онда қаржылық сауаттылық, инвестициялау негіздері және капитал нарықтарының жұмыс тетіктері жөніндегі материалдар бұқара халыққа қолжетімді. Ақпараттық-білім беру бағдарламасының мақсаты – қалың жұртшылықты IPO процесімен таныстыру және «Самұрық-Қазына» қоры компанияларының акцияларын орналастыруға мүмкіндігінше көп адамды тарту», - деді спикер.

Батыс Қазақстан облысында тұрғындарымен және жергілікті кәсіпорындардың жұмыскерлерімен 3 ақпараттық-түсіндіру кездесуі өткізілді, олардың барысында қатысушылар IPO тетіктері баламалы табыс көзі екенін білді.

Фото_QazaqGaz 2 ЗКО.JPG

2022 жылғы 16-30 қыркүйек аралығында бүкіл еліміздің 60-тан астам қаласында тұрғындармен, компания қызметкерлерімен және өндірістік объектілердің жұмысшыларымен осындай кездесулер өтетінін естеріңізге сала кетейік.

IPO және Қордың жекешелендіру бағдарламасы туралы ipo.sk.kz мамандандырылған интернет-ресурсынан толығырақ білуге болады.

Анықтама үшін:

2025 жылға дейін «Самұрық-Қазына» АҚ-ның 7 ірі активі, оның ішінде 6 актив IPO арқылы бәсекелес ортаға ішінара шығарылады. «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ IPO-сы биылға жоспарланған. AIX және KASE алаңдарында орналастырылады.