Катар «Самұрық-Қазына» компаниясына инвестиция салуды жоспарлап отыр
807
12 Қазан 2022
Сәрсенбі, 12 қазанда Астанада «Самұрық-Қазына» қоры МЕН Kazakh Invest ұйымдастырған Қазақстан-Катар инвестициялық форумы өтті. Ол Катар әмірі шейх Тамим бен Хамад Әл-Танидің Қазақстанға мемлекеттік сапары аясында өтті. Іс-шараға ҚР СІМ, «Бәйтерек» холдингі, Kazakh Tourism, ҚазМУ, KazakhAgroExport, сондай-ақ Катар компанияларынан 200-ден астам делегат қатысты.
Бірінші пленарлық сессияның жұмысын «Самұрық-Қазына» қорының басқарушы директоры Ернар Жанәділ ашты. Ол Катар экономикасы – Таяу Шығыс пен әлемдегі ең жылдам дамып келе жатқан экономиканың бірі екенін атап өтті. Сонымен қатар, Катар – Қазақстанның маңызды экономикалық серіктестерінің бірі. Ернар Жанәділдің айтуынша, «Самұрық-Қазына» қоры мен Катардың Егеменді қоры арасында бірлесіп 200 миллион АҚШ долларын инвестициялау ниеті туралы келісімге қол қойылды. Атап айтқанда, Доха Samruk Green Energy компаниясының болашақта өткізілетін IPO-на қызығушылық танытты, оған «Самұрық-Энергоның» «жасыл» активтері кіреді.
Сонымен қатар, форум аясында «Тау-Кен Самұрық» пен Qatar Mining Қазақстан аумағында тау-кен өндіру саласындағы перспективалы жобаларды іздеу үшін Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.
Форум және басқа да уағдаластықтар туралы мәліметтерді мына сілтемеден қараңыз:
https://invest.gov.kz/ru/media-center/press-releases/kazakhstan-katar-narashchivanie-investitsionnog...
{{ $t('messages.news1') }}
«Келешек мектептері» жобасы бойынша мектептердің құрылысы жыл соңына д...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов «Orano Group» ком...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» жалпы құны 100 млрд доллардан асатын 130-дан астам ин...
{{ $t('messages.news1') }}
Бейжіңде өткен Қазақстан-Қытай Іскерлік кеңесі аясында құны $ 15 милли...