«Самұрық-Қазына» 3 жылға «ҚазМұнайГаз» акциялары дивидендтерінің ең төменгі кепілді мөлшерін белгілеуге ниетті
413
07 Қазан 2022
Жыл сайын Халықаралық инвесторлар апталығы шеңберінде AIX-те өтетін Қаржылық сауаттылық форумы барысында «Самұрық-Қазына» қорының Дамыту және жекешелендіру жөніндегі басқарушы директоры Ернар Жанәділ Қордың IPO-дан кейін үш жылға «ҚазМұнайГаз» акциялары дивидендтерінің ең төменгі кепілді мөлшерін белгілеу туралы шешімін жариялады. «ҚазМұнайГаз» акцияларының листингін 2022 жылдың соңына дейін жүзеге асыру жоспарланып отыр.
«ҚазМұнайГаз» акцияларын сатып алу үшін AIX және KASE биржаларының сауда мүшелері-брокерлер арқылы, сондай-ақ Tabys мобильдік қосымшасы арқылы немесе «Қазпошта» бөлімшелерінде тікелей жазылу арқылы өтінім беруге болады.
Өз кезегінде AIX Басқарма төрағасы Ренат Бектұров: «Алдағы IPO-ның бірегейлігі азаматтар брокерде шот ашпай-ақ эмитенттің акцияларына тікелей жазылып пайдалана алатындығында. Бұл IPO-ны өткізу саласындағы жалпыға бірдей танылған әлемдік тәжірибе. Мысалы, 2013 жылғы Корольдік поштаның «Халықтық IPO»-сы – сәтті кейстердің бірі. Біз бұл тәжірибені барынша көп қазақстандықтардың еліміздің кез келген жерінен ұлттық компанияның акцияларын тез сатып алу мүмкіндігіне ие болуы үшін қолдандық. Мұны біздің биржа әзірлеген Tabys қосымшасы арқылы жасауға болады», – деді.
Тікелей жазылу тәсілі қандай да бір себептермен шот ашуға үлгермеген, бұрын қор нарығына инвестиция салмаған және брокерді таңдау үшін көбірек уақытты қажет ететін қазақстандықтарға жарамды. Бұл сондай-ақ сатып алынған акцияларды тез сатуды жоспарламайтындарға және бастапқы кезеңде брокерлік шот ашуды қажет етпейтіндерге ыңғайлы.
AIX Қаржылық сауаттылық форумы шеңберінде жекешелендіру және IPO бойынша сессия өтті, оған «Самұрық-Қазына» қоры, «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы, «Қазпошта» АҚ, сондай-ақ Freedom Broker, Halyk Finance, BCC Invest және Sky Bridge Invest брокерлік компанияларының спикерлері қатысты.
Аталған компаниялардың өкілдері 2022 жылғы 16 қыркүйектен бастап «Самұрық-Қазына» қорының бастамасымен Қазақстанның 60-тан астам қаласында Қазақстан халқымен және өндірістік кәсіпорындардың қызметкерлерімен кездесулер өткізді. Мыңдаған адам алдағы «ҚазМұнайГаз»-дың IPO-сы туралы сұрақтарын ұйымдастырушыларға тікелей қоя алды.
Алдағы екі аптада Астана мен Алматының ірі кәсіпорындарының тұрғындарымен және қызметкерлерімен кездесулер өтеді.
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов ESTA Construction компаниясыны...
{{ $t('messages.news1') }}
Серіктестіктің барлық бағыттары бойынша оң динамика: Қор басшысы Қытай...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» қорында алғаш рет қысқы Спартакиада өтті
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» АҚ қоғамдық кеңесінің жаңа құрамы бекітілді