«Самұрық-Қазына» қорының басшылығы Ұлыбританияның Қазақстан Республикасындағы Сауда өкілімен кездесті
989
09 Қараша 2022
Лондондағы қазақстандық инвестициялық форумның қарсаңында «Самұрық-Қазына» АҚ басшылығы Британ парламентінің жоғарғы палатасының өкілі, Қазақстан-Британ Іскерлік кеңесінің мүшесі –баронесса Эмма Николсон Винтерборнскаямен кездесті.

Тараптар экономикалық әріптестікті нығайту және Қазақстанның инвестициялық жобаларымен байланысты жаңа мүмкіндіктер туралы сөз қозғады.
«Біз Лондон қор биржасындағы қазақстандық инвестициялық форумға қатысамыз. Қазақстан Елшілігімен және Лондон қор биржасымен бірлесіп, «Самұрық-Қазына» жүзеге асыратын жекешелендіру бағдарламасы және басқа да инвестициялық мүмкіндіктер туралы инвесторларды хабардар ету үшін осы іс-шараны өткіземіз», - деді Қор басшысы Алмасадам Сәтқалиев.
Ол Қазақстан-Британ Іскерлік кеңесі Біріккен Корольдік пен Қазақстан арасындағы берік байланыстарды қамтамасыз етудің тиімді тұғырнамасы болатынын атап өтіп, одан әрі әріптестікке ниетті екенін білдіре кетті.
{{ $t('messages.news1') }}
Нұрлан Жақыпов Гонконг арнайы әкімшілік ауданы Үкіметінің қаржы хатшыс...
{{ $t('messages.news1') }}
Нұрлан Жақыпов E Fund Management компаниясының жаһандық акциялар бойын...
{{ $t('messages.news1') }}
Нұрлан Жақыпов MTR Corporation компаниясының бас атқарушы директоры Дж...
{{ $t('messages.news1') }}
Нұрлан Жақыпов Гонконгта Hong Kong Exchanges and Clearing (HKEX) бас д...