Мемлекет басшысының Вьетнам Республикасына сапары аясындағы делегация құрамында «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Н.Жақыпов қатысты

Мемлекет басшысының Вьетнам Республикасына сапары аясындағы делегация құрамында «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Н.Жақыпов қатысты

587

21 Тамыз 2023

«Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Н. Жақыпов Мемлекет басшысының Вьетнам Социалистік Республикасына ресми сапары аясында ресми делегацияның құрамында болды.

Мемлекет басшысының вьетнамдық компаниялармен екіжақты кездесулері барысында Қор тобының желісі бойынша мынадай уағдаластықтарға қол жеткізілді.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мен вьетнамдық Sovico Group компаниясы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Қол қойылған меморандум шеңберінде тараптар көлік және логистика саласындағы жобаларды іске асыруды жоспарлап отыр.

sk_2023-05-05_0000_photo1683267832 (1)выа_0000_Layer 11.jpg


Sovico Group компаниялар тобына кіретін VietJet Air әуе компаниясы қазақстандық Qazaq Air әуе компаниясын жекешелендіруге қатысуға қызығушылық танытты, осыған байланысты белгіленген тәртіппен конкурсқа қатыса алады. Бұдан басқа, Қордың портфельдік компаниясы - Air Astana VietJet Air компаниясымен кодшерингтік келіссөздердің бірінші кезеңін жүргізуде.

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу үшін он бір перспективалық учаскені PetroVietnam компаниясына таныстырды. Вьетнам тарапына Қазақстан аумағында геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу шеңберінде стратегиялық серіктес болу мүмкіндігін қарастыру ұсынылды.

sk_2023-05-05_0000_photo1683267832 (1)выа_0001_Layer 10.jpg


Пошта қызметтері арқылы электрондық сауда көлемін ұлғайту мақсатында, «Қазпошта» АҚ мен VietnamPost арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Қол жеткізілген уағдаластықтар екі елдің Мемлекет басшыларының қолдауымен жаңа ірі жобаларды, жаңа жауапты инвестицияларды іске асыру, ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын ашу үшін берік іргетас қалыптастырады және Қазақстан Республикасы мен Вьетнам Социалистік Республикасы арасындағы өзара қатынастардың барлық спектрін дамытуға ықпал ететін болады.