«QAZAQ AIR» АҚ жекешелендіру Қазақстандағыавиатасымалдаудың дамуын және бәсекелестік ортаның өсуін қамтамасызетеді
261
22 Тамыз 2023
Жақында «Самұрық-Қазына» қорының алаңында «QAZAQ AIR» АҚ жекешелендіруге арналған баспасөз брифингі өтті.
«QAZAQ AIR» АҚ бәсекелестік ортаға беру ағымдағы жылы ҚазақстанРеспубликасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Жекешелендірудің 2021-2025жылдарға арналған кешенді жоспарын орындау шеңберінде жүзеге асырылады.
Брифингте «Самұрық-Қазына» АҚ дамыту және жекешелендіру жөніндегіБасқарушы директоры Салтанат Сатжан Қор топтың активтерін жекешелендіружөніндегі процестердің барынша ашықтығына ұмтылатынын айтты. Жекешелендіру QAZAQ AIR әуе компаниясын жетекші өңірлікавиатасымалдаушыға айналдыру үшін инвестицияларды тартуға бағытталған.
Ашық екі сатылы конкурс белгіленген білікті талаптарға сәйкес келетінинвесторды таңдауға мүмкіндік береді.
Бірінші кезеңде әлеуетті инвесторлар авиакомпанияны зерделеуді жәнемүдделі тараптардың біліктілік талаптарына сәйкестігін және мәміленіңбелгіленген инвестициялық міндеттемелеріне келісімін растауды жүргізеді.
Бірінші кезеңнің негізгі мақсаты-біліктілік талаптарына сәйкес келетінжәне авиакомпанияның одан әрі дамуын қамтамасыз етуге қабілеттіинвесторлар тобын анықтау.
Конкурстың екінші кезеңінде бірінші кезеңнің қорытындысы бойыншабіліктілік іріктеуден өткен конкурсқа қатысушылар арасында сауда-саттықөткізіледі. Конкурс аясында активтің ең төменгі бағасы белгіленеді, бірақ сатыпалу бағасы сауда-саттық нәтижелері бойынша анықталады.
Брифингте әлеуетті инвесторларға қойылатын келесі негізгі талаптарайтылды, оның ішінде:
* Азаматтық авиациядағы инвестордың оң тәжірибесі;
* Қаржылық тұрақтылық пен төлем қабілеттілігі;
* Қордың санкцияға қарсы талаптарына сәйкестігі;
* Авиакомпаниялардың «ұлттық тиесілілігіне» қатысты заңнаматалаптарына сәйкестігі
Сондай-ақ, сатып алушы әуе компанияны сатып алғаннан кейін оны орындауға тиіс негізгі инвестициялық міндеттемелер ұсынылған:
* Конкурс шеңберінде ұсынылған орта мерзімді перспективада флоттыдамыту жөніндегі жоспарды қоса алғанда, стратегиялық даму жоспарынорындау
* Штат санының 2/3 бөлігін сақтау;
* IOSA өндірістік қауіпсіздігі бойынша тұрақты сертификаттаудықамтамасыз ету.
«QAZAQ AIR» АҚ Басқарма төрағасы Еркін Наурызбаев байқаушарттарының бірі – оның жекешелендіруден кейін «QAZAQ AIR» АҚ-ныдамыту жөніндегі стратегиялық жоспары, оның ішінде флотты жәнемаршруттық желінің географиясын кеңейту жөніндегі жоспары болыптабылатынын атап өтті, бұл тұтастай алғанда бәсекелестіктің өсуі мен Қазақстандағы авиатасымалдарды дамытудың оң әсерін тигізбек. Талаптардыңтолық тізімі және міндеттемелер ашық, қолжетімді және Қор сайттарындаорналастырылған конкурстық құжаттамада ұсынылған sk.kz және ipo.sk.kz, сондай-ақ авиакомпанияның сайтында flyqazaq.com.
Хабарламаға сәйкес, «QAZAQ AIR» АҚ-ның 100% акциясының бастапқы/ең төменгі бағасы 10,2 млрд. теңгені құрайды. Бұл ретте мәміле параметрлеріинвестор QAZAQ AIR компаниясының Қор алдындағы борышын қайтарудықамтамасыз етуге міндеттенеді, ол шамамен 38 млрд.теңгені құрайды.
Авиакомпания басшысының айтуынша, бүгінгі таңда «QAZAQ AIR» АҚ Қазақстанда өзінің пайдаланушы сертификаты және басқа да тиістілицензиялары бар үшінші дербес авиакомпания болып табылады. Компаниядаde Havilland Dash-8-Q400NG маркалы Канадада жасалған заманауи турбовинтті5 әуе кемесі бар.
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» АҚ-ның 2022 жылғы тұрақты даму саласындағы есебі жари...
{{ $t('messages.news1') }}
KEGOC SPO-сы басталды
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» Қорында кадр саясаты, әлеуметтік және қайырымдылық жо...
{{ $t('messages.news1') }}
Самрук-Қазына мен ÖBB-holding ынтымақтастық перспективаларын талқылайд...