Қазпошта Қоғамдық кеңесінде бірінші жарты жылдығындағы стратегиялық бастамалар мен негізгі жетістіктері жайында айтты

Қазпошта Қоғамдық кеңесінде бірінші жарты жылдығындағы стратегиялық бастамалар мен негізгі жетістіктері жайында айтты

3881

08 Қыркүйек 2023

Сырттан сарапшыларды тарта отырып, ашық диалог форматында өткен "Самұрық-Қазына" АҚ Қоғамдық кеңесінің отырысында "Самұрық-Қазына" АҚ және "Қазпошта" АҚ топ-менеджерлері ұлттық пошта операторының негізгі бизнес-көрсеткіштері мен жетістіктерін таныстырды және талқылады.

Қаржы көрсеткіштері бөлігінде 2023 жылдың 7 айының қорытындысы бойынша «Қазпошта» АҚ 1 млрд теңге мөлшерінде таза табыс алды. Бұл көрсеткішке пошта және қаржы қызметтері, есеп айырысу-кассалық операциялар, сондай-ақ қолданыстағы шығыстарды оңтайландыру шаралары есебінен кірістердің өсуі нәтижесінде қол жеткізілді.

Сонымен қатар пошта байланысының екі жүз ауылдық бөлімшелерінде қолжетімді мемлекеттік қызметтердің тізбесі кеңейтілуде: АХАЖ желісі бойынша қызметтер (неке туралы, туу туралы қайталама куәліктер және т.б.); жәрдемақылар мен зейнетақылардың барлық түрлері; ауылдан көшіп келген мамандар үшін көтерме жәрдемақы; коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге, көмір сатып алуға тұрғын үй көмегін тағайындау және т.б.

sk_2023-05-05_0000_photo1683267832 (1)ww_0001_Layer 2.jpg


"Қазпошта" АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Экономика және қаржы жөніндегі тең-басқарушы директоры Мират Утепов өз сөзінде:


«Қазпошта»-ның үлкен әлеуметтік жүктемесі бар, еліміздің барлық шалғай өңірлерін өз қызметтерімен қамтамасыз етеді. Компания қызмет көрсетілетін пошта жөнелтілімдерінің көлемін және соның салдарынан кірістерді көтеруде, сонымен қатар тарифтік саясатты қайта қарау бойынша үлкен жұмыс жүргізілуде. Біз бұл процестің ұзақ уақытын алатынын түсінеміз. Акционер тарапынан жедел қолдау шараларының бірі топтың қазынашылық операцияларының бір бөлігін пошта операторының шоттарына аудару болып табылады. Бұл шара Қазпоштаға қаржылық және әлеуметтік тұрақтылықты сақтауға, ал Қорға топішілік синергияны одан әрі дамытуға мүмкіндік береді».

sk_2023-05-05_0000_photo1683267832 (1)ww_0002_Layer 1.jpg


"Қазпошта" АҚ Басқарма төрағасы Әсел Жанасова өз сөзінде:


«Қазпошта қаржылық жағынан да, пошта қызметтерін көрсету сапасын жақсарту жағынан да белсенді жұмыс атқарып жатыр. Бүгінде барлық «Есіктен есікке» курьерлік жөнелтімдердің 90%-ы 36 сағат ішінде жеткізіліп отыр, өткен жылдың көрсеткіштерімен салыстырғанда бұл көрсеткіш өсіп келуде. Жол бойындағы барлық пошта жөнелтілімдерінің жай-күйін бақылау үшін онлайн мониторинг жүйесі енгізілді. Сонымен қатар Қазпошта дәстүрлі түрде электрондық коммерция мен цифрландыруды дамытуға ерекше көңіл бөледі», – деді.


Анықтама:

"Самұрық-Қазына" АҚ қоғамдық кеңесі – маңызды шешімдер қабылдау және Қор мен оның ұлттық компанияларын дамытудың стратегиялық жоспарларын әзірлеу процесінде қоғамның пікірін ескеру және азаматтық қоғамның мүдделерін білдіру мақсатында құрылған консультативтік-кеңесші орган.