HackAlem AI: қатысушылар бес сағатта 1 500-ден астам AI-агент әзірлейді

HackAlem AI: қатысушылар бес сағатта 1 500-ден астам AI-агент әзірлейді

80

23 Қыркүйек 2026

Астанада AI-агенттер жасауға арналған әлемдегі ең ірі хакатон – «HackAlem AI» іс-шарасы өтіп жатыр.

Оған 2 500 әзірлеуші, IT мамандар, студенттер мен жас кәсіпкерлер қатысуда. Бес сағат ішінде командалар мемлекеттік қызметтер, білім беру және денсаулық сақтау салаларынан бастап, қаржы технологиялары, тау-кен өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы және креативті индустрияға дейін 10 бағыт бойынша AI шешімдерін әзірлейді.

l;mlmи.jpg

Хакатон қорытындысы бойынша қатысушылар 1 500-ден астам AI-агент дайындайды.

HackAlem AI спикерлері мен сарапшыларының қатарында ҚР Премьер-министрінің орынбасары, Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жасұлан Мәдиев, Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Astana Hub бас директоры Мағжан Мәдиев, Silkroad Innovation Hub бас директоры Әсет Абдуалиев, BAITC бас директоры Айдана Қасқырбек, сондай-ақ OpenAI және халықаралық білім беру ұйымдарының өкілдері бар.

lk;lkени.jpg

Қатысушылар алдында «Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов құттықтау сөз сөйледі.

«Бүгінде «Самұрық-Қазына» тобында тиімділікті арттыруға, тәуекелдерді азайтуға және қосымша құн қалыптастыруға бағытталған 70-тен астам AI-жоба іске асырылып жатыр. Сондықтан технологияларды тәжірибелік деңгейден нақты өндірістік процестерге енгізудің қаншалықты маңызды екенін жақсы түсінеміз. HackAlem AI әзірлеушілерге экономика үшін тәжірибелік маңызы бар міндеттермен тікелей жұмыс істеуге мүмкіндік береді», – деді ол.

HackAlem AI қатысушылары әзірлеген шешімдердің бір бөлігі кейіннен «Самұрық-Қазына» тобында және оның портфельдік компанияларында бейімделіп, қолданылуы мүмкін. Үздік командаларға үлгілерді әзірлеуден нақты өндірістік міндеттер аясында шешімдерді пилоттық режимде сынау мүмкіндігі беріледі.

Келесі кезең – 1 қазанда AI & Digital Bridge 2026 аясында өтеді. Іс-шара барысында HackAlem AI жеңімпаздары марапатталып, Guinness World Records сертификаты табысталады.

ml;mи.jpg