Самұрық-Қазына қоры мен Qatar Investment Authority ынтымақтастықты нығайтуда

Самұрық-Қазына қоры мен Qatar Investment Authority ынтымақтастықты нығайтуда

1291

21 Қазан 2023

Катар делегациясының сапары аясында «Самұрық-Қазына» АҚ-ныңБасқарма төрағасы Н. Жақыпов Qatar Investment Authority өңірлік инвестициялық бөлімінің басшысы шейх Фейсал бен Тани әл Танимен кездесті.

Тараптар инвестициялар саласындағы ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылады. Нұрлан Жақыпов барлық негізгі бағыттар бойынша өзара іс-қимылды нығайтуға дайын екендігін растап, екі тәуелсіз қордың серіктестігінің маңыздылығын атап өтті.

sk_2023-05-05_0000_photo1683267832 (1)ww_l0001_Layer 2-Recovered.jpg_0001_WhatsApp Image 2023-10-20 at 20.31.03 (1).jpg


Сондай-ақ портфельдік компаниялардың катарлық әріптестерімен жеке кездесулері өтті. Мәселен, Тау-Кен Самұрық және Qatar Mining ТМК даму перспективаларын, ал QazaqGaz бен Самұрық-Энерго Nebras Powerкомпаниясымен энергетика саласындағы ынтымақтастық мүмкіндігін талқылады.

Анықтама үшін: Катар инвестициялық қоры (Qatar Investment Authority, QIA) — Катардың тәуелсіз қоры және мемлекеттік холдингтік компаниясы. QIA 2005 жылы мемлекеттің мұнай мен табиғи газды сатудан түскен кірісін басқару үшін Катар әміріқұрды. Қор ішкі және шетелдік инвестицияларға маманданған. 2023 жылдың қазан айындағы жағдай бойынша QIA басқаруында 475 миллиард АҚШ долларына құрайтын активтері бар.