«Самұрық-Қазына» қоры мен Societe Generale банкі ынтымақтастықты кеңейтуде

«Самұрық-Қазына» қоры мен Societe Generale банкі ынтымақтастықты кеңейтуде

1862

01 Қараша 2023

Бүгін «Самұрық-Қазына» қоры мен жетекші еуропалық «Societe Generale» банкі арасында Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

Құжатқа Қазақстан-француз бизнес-форумы шеңберінде Франция президенті Эмманюэль Макронның Қазақстанға сапары барысында қол қойылды.

sk_2023-05-05_0000_photo1683267w832 (1)ww_0001_Layer 2_0004_Layer 4.jpg


 
Тараптар экспорттық-кредиттік агенттік қамтылған жобаларды қаржыландырудағы, сондай-ақ борыштық капитал нарықтарындағы операциялар, қазынашылық және активтерді орнықты дамыту және жекешелендіру саласындағы жобалар бойынша ынтымақтастықты қарастырады.

Анықтама үшін: Societe Generale - Еуропадағы жетекші қаржы топтарының бірі, бүкіл әлем бойынша үкіметтерге, мемлекеттік мекемелерге және мемлекеттік корпорацияларға консультациялық және қаржылық шешімдер ұсынады.