Астана қаласында «Самұрық-Қазына» АҚ Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті

Астана қаласында «Самұрық-Қазына» АҚ  Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті

1487

24 Қаңтар 2024

Бүгін Астанада «Самұрық-Қазына» АҚ Қоғамдық кеңесінің отырысы болып өтті.

Отырысқа Қор басшылығын, депутаттарды, қоғам және мемлекет қайраткерлерін, сарапшыларды, қаржыгерлерді және басқа да қатысушыларды қоса алғанда, 40 шақты адам қатысты.

«Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов Холдингтің 2023 жылғы жұмысының қорытындысы жайлы әңгімеп берді. Мәселен, алдын ала мәліметтер бойынша 2023 жылы Қордың таза пайдасы шамамен 1,9 трлн теңге деңгейінде болады, бұл көрсеткішті 2022 жылғы таза пайдамен салыстыруға болады, деп атап өтті «Самұрық-Қазына» АҚ басшысы.

«2022 жылы мұнайдың орташа бағасы барреліне – 99 долларды, ал 2023 жылы – 81 долларды құраса да, мұнай бағасы шамамен 20%-ға төмендеді. Сонымен қатар, ел ішінде өсіп келе жатқан сұраныс аясында газ экспортының көлемі қысқарды. Бұл ретте, ішкі нарықтағы газ бағасы экспорттық бағадан әлдеқайда төмен. Таза пайда бойынша 2022 жылмен салыстыруға болатын нәтижелерге біз өтімділікті тиімді басқару және қазынашылық портфельдің арқасында қол жеткіздік.

sk-press-1.jpg


Мемлекеттік холдинг ұлттық компанияларда бос қаражатты басқарудың бірыңғай саясатын қабылдады, банктермен келіссөздер жүргізіп, Қордың ақшасын орналастыру шарттарын жақсартты. Біз еркін өтімділік бойынша кірістілік жағынан жоспарлы көрсеткіштен екі еседен асып кеттік», - деді Жақыпов.

Биыл мемлекетке дивидендтердің рекордтық сомасы - 238 млрд теңге төленді.

Сарапшылар мен қоғамды топтың сатып алу процесі, жекешелендіру, әлеуметтік жауапкершілік, жұмыс тиімділігі, жаңа жобалар және т.б. сияқты қызмет бағыттары қызықтырды.

«Самұрық-Қазына» АҚ-ның Қоғамдық кеңесі – консультативтік-кеңесші, байқаушы орган.

Азаматтық қоғамның мүдделерін білдіру және шешімдерді талқылап, қабылдау кезінде қоғамның пікірін ескеру, Қор қызметінің есептілігі мен ашықтығын арттыру үшін құрылған.


Қоғамдық кеңестің мақсаттары мен міндеттері:

• қоғамның пікірін жинау, шоғырландыру және есепке алу;

• азаматтық қоғамның мүдделерін білдіру;

• азаматтық қоғаммен сындарлы өзара іс-қимылды дамыту;

• Қордың Даму стратегиялары мен Жоспарларын іске асыру мониторингі;

• Қор қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу.

2022 жылы кеңестің 13 отырысы, 2023 жылы 12 отырыс өткізіліп, Қордың Сатып алу тәртібін, компанияларды бәсекелес ортаға беру процесін, даму жоспарын, портфельдік компаниялардың қызметін және т.б. қоса алғанда, кең ауқымды мәселелер көтерілді.