«Самұрық-Қазына» АҚ топтың сатып алулары бойынша Қоғамдық кеңес өткізді

«Самұрық-Қазына» АҚ топтың сатып алулары бойынша Қоғамдық кеңес өткізді

1072

21 Ақпан 2024

Бүгін Астанада «Самұрық-Қазына» АҚ Қоғамдық кеңесінің топтың сатып алу қызметіне арналған отырысы өтті.

Отырыс алғаш рет қоғамдық консультациялар түрінде өткізілді. Қоғамдық консультациялар – бұл қоғамдық кеңестер азаматтар мен қоғамды жаңа нормативтік құқықтық актілерді немесе басқа бастамаларды өзгерту я қабылдау сияқты ниеттері туралы хабардар етіп, кері байланыс пен ұсыныстар алатын процесс.

Отырысқа Қордың, портфельдік компаниялардың басшылығын, депутаттарды, қоғам және мемлекет қайраткерлерін, сарапшыларды, қаржыгерлерді және басқаларды қоса алғанда, 80-қа жуық адам қатысты.

«Самұрық-Қазына» АҚ Басқарушы директоры Николай Казутин Қор тобының сатып алулары барысында отандық өндірушілерді қолдау және офтейк-келісімшарттардың үлесін арттыру шаралары туралы әігімелеп берді. Бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев отандық өндірушілермен офтейк-келісімшарттардың үлесін арттыруды тапсырған болатын.

sk-press02.jpg


Қордың сатып алуларында отандық өндірісті қолдауға бағытталған 14 шара көзделген, оның негізгілерінің бірі офтейк-келісімшарттар бағдарламасы.

Ағымдағы жылы портфельдік компаниялардың басшылары үшін тауарлардың жалпы көлемінде мұндай келісімшарттардың үлесін кемінде 10%-ға дейін ұлғайту жөнінде ҚТК белгіленеді.

«Офтейк-келісімшарттар бағдарламасында болу мерзімін 5 жылдан 10 жылға дейін ұлғайту пысықталды. Импортты алмастыру үшін тауарлар пулын толтыру бойынша жұмыстар күшейтілді, қазіргі уақытта позициялар саны 3 909 құрайды, жалпы сомасы 342 млрд теңге. Біз пулды толтыру бойынша жұмысты тауар позицияларының санын көбейту үшінжалғастыра береміз. Пул 5 жылдық қажеттілік негізінде жасақталады», - деп атап өтті Николай Казутин.

Отырысқа қатысушылар офтейк-келісімшарттар бағдарламасына үлкен қызығушылық танытқандықтан, 2024 жылдың 8 наурызына дейін «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС алаңында бағдарламаны ашық талқылау туралы шешім қабылданды.

Сарапшылар мен жұртшылықты топтың сатып алу процесі, қазақстандық өндірушілерді қолдау, SKstore.kz электрондық дүкенінің функционалдығын кеңейту, кәсіпкерлерді қолдаудың жаңа шаралары және т.б. қызықтырды.

Естеріңізге сала кетейік, кеңестің 2024 жылғы қаңтардағы соңғы отырысында жұртшылықтың пікірін ескере отырып, «Самұрық-Қазына» сатып алу бойынша жеке отырыс өткізу туралы шешім қабылданған болатын.

sk-press01.jpg


«Самұрық-Қазына» АҚ Қоғамдық кеңесі - консультативтік-кеңесу, қадағалау органы.

Шешімдерді талқылау мен қабылдау кезінде азаматтық қоғамның мүдделерін білдіру және қоғамның пікірін ескеру, Қор қызметінің есептілігі мен ашықтығын арттыру үшін құрылған.

Қоғамдық кеңестің мақсаттары мен міндеттері:

• қоғамның пікірін жинау, шоғырландыру және есепке алу;
• азаматтық қоғамның мүдделерін білдіру;
• азаматтық қоғаммен сындарлы өзара іс-қимылды дамыту;
• Қордың даму стратегиялары мен жоспарларын іске асыру мониторингі;
• Қор қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу.