«Самұрық-Қазына» АҚ қытайлық CRRC Corporation Limited компаниясымен ынтымақтастық келісіміне қол қойды

«Самұрық-Қазына» АҚ қытайлық CRRC Corporation Limited компаниясымен ынтымақтастық келісіміне қол қойды

1175

23 Ақпан 2024

«Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов CRRC Corporation Limited және CRRC Group басшысы Сунь Юнцаймен кездесті.

ҚХР корпорациясы CRRC Corporation Limited – теміржол көлігінің әлемдегі ең ірі өндірушісі.

Кездесу аясында «Самұрық-Қазына» және CRRC Corporation Limited ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Стратегиялық сипаттағы құжат байланыстарды нығайтуға және жаңа инвестициялық мүмкіндіктерді бағдарлауға бағытталған.

sk-press0303.jpg


Қазақстанның озық технологияларды қолдана отырып, локомотивтер өндірісін және техникаға қызмет көрсетуге арналған сервистік орталықтарды елімізде орналастыруға мүдделі екендігі атап өтілді. Өз кезегінде CRRC мемлекетіміз арқылы Еуразиялық экономикалық одақ және Еуропа нарықтарына шыға алады.

sk-press0303.jpg


«Қазақстан мен Қытай арасындағы темір жол көлігімен жүктерді тасымалдау көлемі жыл сайын оң серпінді көрсетіп келеді. Өткен жылы жүктерді тасымалдау көлемі 28,3 млн тоннаны құрап, 2022 жылмен салыстырғанда 22%-ға ұлғайды. CRRC – біздің бұрыннан келе жатқан сенімді серіктесіміз. Сондықтан ынтымақтастығымызды одан әрі дамытуға мүдделіміз», - деді кездесу барысында Жақыпов.

Қытай Қазақстан экономикасындағы ең ірі инвесторлардың бестігінде. Жалпы инвестиция көлемі 23 млрд доллардан асады.